2026 жылғы 8 сәуірде «Тіл сарайының» мәжіліс залында «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жетісу облыстық филиалының IX есеп беру – сайлау конференциясы өтті.
Күн тәртібінде облыстық ардагерлер кеңесінің 2021–2025 жылдар аралығында атқарған жұмысы туралы есеп, тексеру комиссиясының есебі, облыстық ардагерлер кеңесі мен президиум мүшелерін сайлау, тексеру комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру, сондай-ақ «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесінің кезекті XI съезіне делегаттарды сайлау мәселелері қаралды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелерден бөлек, көпшілік дауыс беру нәтижесінде облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы болып Ермек Әбілмәжінұлы Келемсейіт қайта сайланды.
Сонымен қатар, қоғамдық өмірге белсене қатысқан бірқатар ардагерлерге облыс әкімінің, мәслихат төрағасының, «Аманат» партиясының және ардагерлер кеңесінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды. Көксу ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Бәзілов «Ардагерлер ұйымы» РҚБ-ның «Құрмет белгісі» төсбелгісімен марапатталды.





























