Қала күні: 25 отбасына баспана кілті табысталды

324

 Қала күні  мерекесінде баспаналы болған қуаныш иелерін Талдықорған  қаласының  әкімі Ернат Дүйсенбекұлы құттықтап, баспаналардың кілтін табыстады.

Осы күні баспаналы болғандар көпбалалы отбасылар санатындағы қала тұрғындары.  Естеріңізге салар болсақ, жыл соңына дейін тағы 11 отбасыға осындай баспаналардың кілтін беру жоспарлануда.

Талдықорғанда тұрғын үй кезегінде 15 мыңнан аса азамат тұрса соның, биыл әлеуметтік осал тобына жататын азаматтар үшін 290 пәтер пайдалануға берілді.

«Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі – халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда өңірде, баспана тапшылығын азайту үшін, әр түрлі ауқымды жұмыстар жасалып, жыл сайын құрылыс қарқыны артып келеді. Бұл жұмыстарды екі есе күшейтуіміз қажет», — деді қала әкімі.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз