Мақал – сөздің мәйегі

208

Қала күні аясында  Талдықорған қаласының әкімдігі «Талдықорған  қаласының   мәдениет, тілдерді  дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен  мектеп  оқушылары   арасында  Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан  халқы тілдерінің  күні айлығына орай  «Мақал – сөздің мәйегі» атты қалалық байқау ұйымдастырылды.

 Ұйымдастырушылардың  айтуынша,  бұл байқаудың  мақсаты – жас ұрпақты    бабаларымыздың   заманалар  бойы  жинаған  даналығының  інжу – маржаны,  сөз  мәйегі   болып  табылатын    мақал – мәтелдер  арқылы  тәрбиелеу,  саналы  ой мен  көркем  мінез – құлқын  қалыптастыруға   ықпал ету.  Қаламыздағы №7 орта мектептің базасында өткен айтулы шараға  15-17 жас аралығындағы 25  оқушы қатысты.  Қатысушыларға «Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Сандуғаш Рысбаева сәттілік тіледі.

 Мемлекеттік тілді дамытуға, қоғамдық сананы оятып,  рухани жаңғыруға шақыратын шараға жеткіншектер белсенді қатысты.

 Тілдік сайысқа қатысушылар  алғашында  «Тақырып айтыс», екінші, «Жоғалған сөз» (мыс: «Есі кеткен… күледі»  (елге), үшінші, «Сөзден мақал құрау» (әр мақалдың бір сөзін алып, мақал айту), төртінші  айналымда «Балама мағына» (тұрақты сөз тіркестерінің балама мағынасын табу) тапсырмаларды орындады. Байқауға  тіл мамандары әділ төрелік етті.

Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мағынаны беретіндіктен, өте ұтымды болады,  сондықтан болар, қатысушылар ойларын жинақтап, тапқырлық пен ұшқырлықты серік ете жауап берді.

Нәтижесінде, І орын – М. Жұмабаев  атындағы №19 орта мектеп – гимназиясының оқушысы  Әліби Асанұлына бұйырды.  Одан әрі ІІ орынды  №27 орта мектебінің  9-сынып оқушысы Бақыт Іңкәр, «МДШО бар С.Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» КММ  9 сынып оқушысы Айзат Санатқызы , ал жүлделі  ІІІ орындарды «К.Ушинский атындағы №7 орта» КММ 10 – сынып оқушысы  Азиза Төлеуханова, «Еркін ауылдық округіндегі МДШО бар №26 ОМ»  КММ-нің 11 сынып оқушысы  Еңлік Қуатпек және №125 жекеменшік мектебінің оқушысы Ермұрат  Бейсеннұрұлы   иеленді. Жеңімпаздарға диплом табысталды.  Бірқатар оқушылар ынталандыру сыйлығына ие болды.  Ал оқушылардың  жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз