Ұлттық мерекенің мәні зор
25 қазанда Республика күні аталып өтпекші. Тәуелсіздігіміздің бастамасы болған құжат қабылданған күн біздің тарихымызда ойып тұрып орын алады.
Президенттің айтуынша, Республика күні еліміздің мемлекеттілікке батыл қадам жасауының символына айналуы тиіс. «Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн басты ұлттық мереке болып қала береді. Десек те, бұл күнді тәуелсіздікке сүбелі үлес қосқан халық қаһармандарын еске алу күні ретінде атап өту...
Балалар саудасына қарсы іс-қимыл
Өңірлік ақпараттық алаңында «Жетісу облысындағы балалар саудасына қарсы іс-қимыл шаралары» тақырыбында баспасөз мәслихат өтті. Бұл жолы жиынға «Талдықорған өңірлік әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ президенті Жанар Нұрмұханова және Жетісу облысы полиция департаментінің жедел уәкілі, полиция капитаны Қуаныш Тұрсынжан келіп, өз жұмыстары турасында баяндады.
Жанар Болатқызы: «Біздің ұйымның негізгі қызметі адам саудасының құрбандары мен осал мигранттардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларға психологиялық...
Талдықорғанда «Жастар -2» шағын ауданы табиғи газға қосылды
Бүгінде Талдықорған тұрғындарын табиғи газбен қамту ісі кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Нақтырақ айтсақ, осыдан бірнеше жыл бұрын төрт кезең бойынша қолға алынған құбыр тарту жұмыстары әлі де жалғасуда. Жақында ғана аталып өтілген Талдықорғанның Қала күні қарсаңында облыс орталығына қарасты Үйтас саяжайының тұрғындарына табиғи газ беріле бастаса, енді міне ұлтымыздың ұлы мерекесі Республика күнінің құрметіне Өтенай ауылдық округіне қарасты «Жастар...
Психикалық аурулардың алдын алу
Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйінде «Психикалық аурулардың алдын алу және емдеу бойынша қабылданатын шаралар» тақырыбында брифинг өткізілді. Жетісу облысы психикалық денсаулық орталығының балалар психиатры Дидар Аушинов пен психолог Татьяна Магай психикалық бұзылыстардың алдын алу мәселесі турасында айтып берді.
Мамандардың айтуынша, барлық ауруларға алдын алу шараларын қолдану керек. Психикалық бұзылулар да ерекшелік емес. Психикалық денсаулық, физикалық денсаулық сияқты, адамның жалпы әл-ауқатының...
Бәріміз біргеміз! Талдықорғанда батылдық пен ептілік сынға түскен жарыс өтті
Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінің базасында мүгедектігі бар жандар арасында қалалық спартакиада жалауын желбіретті. «Бәріміз біргеміз» деп аталатын спорттық шараға кейбірі отбасыларымен жиналды. Жалпы айтар болсақ, қалада аурушаң балалар мен мүгедектігі бар адамдардың басын біріктіріп отырған 25-тен аса қоғамдық бірлестік және «Асар» спорттық оңалту кешені бар.
Ең алдымен, бұл шараның шымылдығын Талдықорған қаласының әкімі Ернат Дүйсенбекұлы ашты. Өз сөзінде...
Электр энергиясын пайдалану қағидалары бойынша «электр энергиясын беруді тоқтату (шектеу) шарттары»
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті электр энергиясын жабдықтауды тоқтату (шектеу) туралы келесіні хабарлайды.
Электр энергиясын жабдықтау тоқтату (шектеу) тұтынушымен жасалған электрмен жабдықтау шартының негізінде жүзеге асырылады. Электр қабылдағыштарының санаты мен электрмен жабдықтау сенімділігімен қамтамасыз ету және электрлік желіге қосу схемасы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес белгіленеді және электрмен жабдықтау...
Тыныш болып аспаны еліміз өркендей берсін!
Республика күнімен баршаңызды құттықтаймын! Бұл үлкен ұлық мереке. Өткен жылдан бастап бұл мереке Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен қайта атап өтіліе бастады.
Осынау тыныш күнге, азаттық жолында қаншама ерлеріміз жанын қиды. Бүгінгі ұрпақ еліміздің тәуелсіздігінің тұғырлы болуы жолында еңбек етіп, үлес қосуы керек. Күні кеше спортшыларымыз Азия ойындарына қатысып, көк Туымызды көкке көтерді. Бұл еліміз үшін зор қуаныш.
Байырғы ұстаз ретінде айтарым...
Тәуелсіздік жолындағы қадам
Қ.Тоқаев «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын» –деп тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға...
Талдықорған медициналық колледжінің білімгері республикалық тілдік байқауда жеңімпаз атанды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде "Ахмет Байтұрсынұлы-тіл мұрасы" атты республикалық колледжаралық байқауы 1-2-курс білімгерлері арасында өтті. Байқаудың мақсаты - жастар арасында қазақ халқының төл өнері мен мәдениетін, салт-дәстүрін дәріптеу,бір-біріне деген инабаттылығын, парасаттылығын,ата-баба дәстүрлерін насихаттау,патриоттық рухта тәрбиелеу және қазақ халқы әдебиетіндегі ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттау. Байқауға барлығы 10 үміткер қатысты.
Осы ...
Мағжан оқулары : Ауылдық мектеп оқушылары арасында өтті
Күні кеше «Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Өтенай ауылдық мәдениет үйі» КММҚК ұйымдастыруымен «Мен жастарға сенемін!» атты Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай ауыл мектептері арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Өтенай ауылдық мәдениет үйінде өткен байқауға Өтенай, Еңбек, Мойнақ ауылдарындағы №21, №22, №23 орта мектептерден 30 үміткер қатысты.
...




























