Тәуелсіздік жолындағы қадам

506

Қ.Тоқаев «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын» –деп тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керектігін баса айтқан болатын. Республика күнінің тойлануы бұл мемлекетіміздің егемендігі, тәуелсіздігін болашақ ұрпаққа тарих деп ұлықтау, ең бастысы, тарихымызды ұрпақтың санасынан жойып алмау үшін керек. Яғни, бұл күннің ұлттық мереке ретінде бекітілуінің өзі мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам. Болашақта бұл мереке Тәуелсіздікті дәріптеп, нығайта түсуге септігін тигізеді деп сенеміз.  «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының   келешегі кемел, болашағы жарқын деп білемін. Төрт құбыламыз түгел, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Назерке ӘДІЛБЕКОВА.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз