Талдықорған медициналық колледжінің білімгері республикалық тілдік байқауда жеңімпаз атанды

268

Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігі  Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Ахмет Байтұрсынұлы-тіл мұрасы» атты республикалық колледжаралық байқауы 1-2-курс білімгерлері арасында өтті. Байқаудың мақсаты — жастар арасында қазақ халқының төл өнері мен мәдениетін, салт-дәстүрін дәріптеу,бір-біріне деген инабаттылығын, парасаттылығын,ата-баба дәстүрлерін насихаттау,патриоттық рухта тәрбиелеу және қазақ халқы әдебиетіндегі ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттау. Байқауға барлығы 10  үміткер  қатысты.

 Осы  байқауда 1-орынды  Талдықорған жоғары медициналық колледжінің «Лабораториялық диагностика» 201 тобының білімгері  Мамед Мамедов  иеленіп, қуанышпен оралды.

 Жүлделі  2-орынды  Шымкент жоғары медициналық колледжінің білімгері Чжен Томирис Чжен алса, 3 орындардың тұғырына  « Интердент»  медициналық  колледжінің білімгері  Ясмина Имитова мен  Түркістан жоғары медициналық колледжінің білімгері  Надра Бекова  көтерілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз