25 қазанда Республика күні аталып өтпекші. Тәуелсіздігіміздің бастамасы болған құжат қабылданған күн біздің тарихымызда ойып тұрып орын алады.
Президенттің айтуынша, Республика күні еліміздің мемлекеттілікке батыл қадам жасауының символына айналуы тиіс. «Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн басты ұлттық мереке болып қала береді. Десек те, бұл күнді тәуелсіздікке сүбелі үлес қосқан халық қаһармандарын еске алу күні ретінде атап өту керек».
Құрметті жерлестер! Жетісу облысының мемлекеттік архиві 25-қазан — Республика күнімен Сіздерді құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, әр шаңыраққа береке тілеймін!
Гүлжихан Истамбекова,
Жетісу облысы мемлекеттік архивінің бас директоры