Күні кеше «Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Өтенай ауылдық мәдениет үйі» КММҚК ұйымдастыруымен «Мен жастарға сенемін!» атты Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай ауыл мектептері арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Өтенай ауылдық мәдениет үйінде өткен байқауға Өтенай, Еңбек, Мойнақ ауылдарындағы №21, №22, №23 орта мектептерден 30 үміткер қатысты.
«Талдықорған қаласының мәдениет,тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ бас маманы Сандуғаш Рысбаева :
«Бұл байқаудың мақсаты — мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Мағжанның шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау, отансүйгіштік сезімді арттыру болып табылады. Біз көптеген шаралар өткізіп жатамыз.Мықтылар облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі оралуда. Осы балалардың арасында да сондай сайыстарға қатысатын балалар өсіп келе жатқан шығар, кім біледі? »
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Ғалия Асқарбекова мен Ғалия Уәлиева әділқазылық етті.
Байқау қорытындысында 1-ші жүлделі орынға №22 орта мектебінің оқушысы Бағдәулет Тілеукен лайық деп танылды. 2-орынға №23 орта мектебінің оқушысы Жаниза Темірбекова мен №22 орта мектебінің оқушысы Аян Оқас, ал 3-ші жүлделі орындарды №21 орта мектебінің оқушысы Гүлзере Мухамедияр, №22 орта мектебінің оқушысы Қуантай Болысбай, №22 орта мектебінің оқушысы Мұхтар Әйнеков ие болды.
Сондай-ақ, Димаш Маратұлы,Бегім Нуролла, Асқар Теңдік, Қарақат Нұрболат, Ақмира Сәрсенханқызы, Еркежан Жұмабай ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Ұйымдастырушылар тарапынан оқушыларды мәнерлеп оқуға дайындаған жетекшілері мен мектеп басшыларына алғыс айтылды