17.9 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 10 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 498

Түркиядағы халықаралық біліктілік курсына қазақстандық кітапханашылар қатысты

Осы 2023 жылы 14-19 желтоқсан күндері  Түркия елінің Cтамбул қаласында халықаралық кітапханашыларға арналған біліктілікті арттыру курсы өткен болатын.   «Заманауи кітапхана менеджменті» деп аталатын  халықаралық курсқа  республикалық, облыстық, қалалық және ауылдық кітапхана кітапханашылары және мектеп, колледж, университет, қосымша білім беру мекемелеріндегі кітапханашылар қатысты. Аталмыш курсқа   «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры  Сейтжанова Күлпан Қалкенқызы  да қатысып, сертификат...

«Шаңырақ» облыстық байқауында «Талдықорған» газеті «Үздік басылым» аталымын иеленді

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» байқауының қорытынды жиыны   Тіл сарайында өтті. Жиынды «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Руфина Усанова ашып, байқау қатысушыларына жылы лебіз білдірді.  Ардагер журналист Атсалим Идигов байқау қорытындысына тоқталып, келер жылы да бұл байқаудың жалғасатындығын тілге тиек етті. Қазақстан халқы  Ассамблеясының 15 жылдығына орай бір топ белсенділер мерейтойлық төсбелгімен марапатталды. Байқау қорытындысында  «Үздік басылым» номинациясында  жүлделі...

Алмахан Кенжебекова «Umai – 2023» ұлттық сыйлығының иегері атанды

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының актрисасы Алмахан Кенжебекова өнер саласындағы «Umai – 2023» ұлттық сыйлығының «Театр өнері» номинациясында «Актерлік шеберлік» (үздік әйел адам рөлі) сыйлығымен марапатталды.  Аталмыш сыйлық  Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің отандық мәдениет ұжымдары мен қайраткерлерінің  шығармашылық жетістіктерін одан әрі дамыту мен дәріптеу мақсатында тағайындалған. Яғни еліміздің кәсіби шығармашылық ұжымдарына және  жекелеген өнер қайраткерлеріне  шығармашылық табыстары...

Талдықорғанда қала әкімінің шыршасына 500 бала қатысты

 Талдықорғандағы «Жастар» Спорт сарайында жылдағы дәстүр бойынша қала әкімінің бүлдіршіндерге арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты шырша тойы өтті,-деп хабарлайды taldykorgan-online.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мерекелік шараға 500 бала қатысты. Балалардың қуанышты сәтіне қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлы қатысып, бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Қала басшысы өз сөзінде: - «Барлығың осы жылы жақсы оқып, спорттық жетістіктерге жетіп, жаңа жылды қуанышты...

Жетісулық БАҚ өкілдері марапатталды

Жетісу облысы әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасында өткізілген байқаудың қорытындысы жарияланып, жүлдегерлер марапатталды. Жалпы байқауға өңірдегі БАҚ өкілдерінен 94 жұмыс келіп түскен. Қазылар алқасының сараптауынан кейін олардың 22-сі жүлдегер атанды. Солардың арасында «Үздік дизайнер» аталымында «Талдықорған» газетінің дизайнері Зарина Чечетова жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!

Жаңажылдық шырша той Жетісуда өтті

Кеше Талдықорғандағы "Жастар" спорт кешенінде облысымыздың әр түкпірінен келген 9 - 13 жас аралығындағы 200 баланың қатысуымен Президент шыршасы өтті,-деп хабарлайды taldykorgan-online.kz. басқа басылымдарға сілтеме жасап. Шараның мақсаты - балаларымызды ғажайып әлемге саяхат құрғызып, жаңажылдық көтеріңкі көңіл- күй сыйлау.  Президент шыршасына көпбалалы отбасының, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан, ерекше күтімді қажет ететін балақайлар мен білім алуда, ғылымда, спортта, қоғамдық...

Прошел Форум выпускников «Samgau»

Как поступить в Назарбаев Университет, как получить приглашение в американские вузы, как волонтерство повлияло на выбор профессии и как мечту превратить в цель, — об этом и не только рассказали выпускники Назарбаев Интеллектуальной школы города Талдыкорган на форуме «Samgau». В стенах альма-матер прошел традиционный форум выпускников, главная цель которой является профориентационная поддержка учащихся выпускниками NIS. Уникальная диалоговая площадка между выпускниками и...

Талдықорғандық аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқалар» табысталды

Бүгін қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлы алтын құрсақты аналарға «Алтын», «Күміс алқа» наградаларын табыс етіп, жылы лебізін білдіріп, келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Салтанатты жиынға, 6 ана отбасыларымен келіп, ерекше толғаныста болып, құрмет төрінен көрінді. «Халық даналығында, «Ана деген бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлем тербетеді» деген ұлы сөз бар. Бұндай теңеу бекер емес. Бұған дәлелі, баланы өмірге әкеліп қана қоймай,...

Жетісуда «Көшбасшы-2023» жастар байқауының жеңімпаздары анықталды

«Көшбасшы» - Жетісу өңірінің дәстүрге айналған, ауқымды жобаларының бірі. Биыл облыстағы 190 000-ға жуық жастардың арасынан 114 үміткер байқауға қатысуға өтініш білдірді. Қатысушылар арасынан байқау ережелері бойынша іріктеліп, 10 жас жетісулық «Көшбасшы-2023» жастар сыйлығының жеңімпазы атанды-деп хабарлайды taldykorgan-online.kz. желілік басылымдарға сілтеме жасап. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жастарға құттықтау тілегін білдіріп, жеңімпаздарға диплом, арнайы дайындалған мүсін және ақшалай сыйлықтар табыстады. Сонымен,...

Мереке күндері тамақтан уланып қалмау үшін не істеу керек?

Облыстық  ақпараттық алаңында  Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы   Чарапиев Асхат Сәкенұлымен «Мереке күндері тамақтан уланып қалмау үшін не істеу керек» деген тақырыпта  жиын өтті. Облыстық СЭБД басшысының айтуынша, кез келген уақытта  адам тамақтан улану болуы мүмкін. Кез келген уақытта тамақтан улану болуы мүмкін.  Жетісу облысында биыл жаппай тамақтан уланудың 1 оқиғасы тіркеліп, тағамдық токсикалық инфекциядан 20 адам зардап шекті....