Осы 2023 жылы 14-19 желтоқсан күндері Түркия елінің Cтамбул қаласында халықаралық кітапханашыларға арналған біліктілікті арттыру курсы өткен болатын. «Заманауи кітапхана менеджменті» деп аталатын халықаралық курсқа республикалық, облыстық, қалалық және ауылдық кітапхана кітапханашылары және мектеп, колледж, университет, қосымша білім беру мекемелеріндегі кітапханашылар қатысты. Аталмыш курсқа «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Сейтжанова Күлпан Қалкенқызы да қатысып, сертификат иеленіп қайтты.
Курс Стамбул қаласында, «Istanbul Aydin» университетінде 72 сағат түрік тілінде қазақ тілі аудармашымен оффлайн түрінде жүргізіліп, аталған университеттің 4 қабаттан тұратын үлкен кітапханасына экскурсия жасалыпты.
Күлпан Қалкенқызы:- Бұл курстың тиімділігі халықаралық деңгейдегі 72 сағаттық (жарамды)сертификат алып,тәжірибе алмасып, кері байланыс жасалып, білімді толықтырып, Түркия мемлекетінің кітапханалар жүйесімен және тарихымен таныс болдық. Сонымен қатар тарихи орындарға топпен экскурсия жасалды.
Стамбул қаласында өткен кітапханашыларға арналған Халықаралық біліктілікті арттыру курсының соңғы күні барлық қазақстандық кітапханашылар «Заманауи кітапхана менеджменті» тақырыбы бойынша өткен дәрістен тест емтихандар тапсырып, сертификаттарды иеленді.