«Шаңырақ» облыстық байқауында «Талдықорған» газеті «Үздік басылым» аталымын иеленді

268

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» байқауының қорытынды жиыны   Тіл сарайында өтті.

Жиынды «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Руфина Усанова ашып, байқау қатысушыларына жылы лебіз білдірді.  Ардагер журналист Атсалим Идигов байқау қорытындысына тоқталып, келер жылы да бұл байқаудың жалғасатындығын тілге тиек етті. Қазақстан халқы  Ассамблеясының 15 жылдығына орай бір топ белсенділер мерейтойлық төсбелгімен марапатталды.

Байқау қорытындысында  «Үздік басылым» номинациясында  жүлделі 1-орын «Талдықорған» газетіне бұйырды. Ал, бас жүлдеге «Егемен Қазақстан» газетінің  Жетісу облысындағы меншікті тілшісі Мұхтар Күмісбек лайық деп табылды. Сондай-ақ, «Үздік басылымдағы мақала» аталымында газет тілшісі Айдын Кәлімхан жүлделі 3-орын және тілші Данагүл Мәкен ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Барлық  жеңімпаздар диплом мен Алғыс хат және қаржылай сертификаттар табысталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз