Мереке күндері тамақтан уланып қалмау үшін не істеу керек?

432

Облыстық  ақпараттық алаңында  Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы   Чарапиев Асхат Сәкенұлымен «Мереке күндері тамақтан уланып қалмау үшін не істеу керек» деген тақырыпта  жиын өтті. Облыстық СЭБД басшысының айтуынша, кез келген уақытта  адам тамақтан улану болуы мүмкін.

Кез келген уақытта тамақтан улану болуы мүмкін.  Жетісу облысында биыл жаппай тамақтан уланудың 1 оқиғасы тіркеліп, тағамдық токсикалық инфекциядан 20 адам зардап шекті. Бұл оқиға Алакөл ауданында орын алды. Адамдардың жаппай улануына мейрамханада өткен іс-шарада (тойда) ұсынылған тағамдарды тұтыну себепші болды.

 Ал  көбіне мереке кезінде жасалған тамақтан уланудың саны артатыны жасырын емес. Жіті ішек инфекцияларының негізгі себептері – тамақ дайындау технологиясының бұзылуы немесе мерзімі өткен тағамдарды жеу. Тамақтан улану кез-келген уақытта орын алуы мүмкін.

Сондықтан,  Асхат Сәкенұлы қысқы мерекелер қарсаңында мейрамхана, кафе, үйдің тамағынан уланудан сақтану үшін бірнеше кеңес бере кетті.   Мәселен, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (мейрамханалар, дәмханалар және т.б.) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы рұқсаты болуы керек. Нысандарда жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы дератизация және дезинсекция шараларын жүргізу қажет. Тамақты дайындау кезінде технологиялық процесті, тағамды тасымалдау ережелерін сақтап, сондай-ақ жарамдылық мерзімін ескеру қажет. Өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болуы керек. Үй-жайлар мен жабдықтарды да таза ұстаған дұрыс. Дайын өнімдермен жұмыс істегенде бір рет қолданылатын қолғаптарды, шикі және дайын өнімді бөлек кесетін жабдықты пайдаланыңыз. Жеке гигиена ережелерін сақтап,  арнайы киім киіңіз. Жұмысқа рұқсаты бар медициналық кітаптардың болуы, қызметкерлерді іріңді ауруларға күнделікті тексеру және өндірістік бақылауды енгізу керек.   Сондай-ақ, үйде  тамақты сақтау ережелері мен пісіру технологиясын сақтауға мұқият болу керек.  Тез бұзылатын және дайын өнімдерді тоңазытқыштарда сақтауды ұмытпаңыз. Шикі және дайындалған өнімдердің бөлек сақталатынын және өңделетінін қаперден шығармаңыз. Дастарханға қойылатын тағам дайын болған соң, бірден ұсынуға тырысыңыз.  Салаттарды майонез, дәмдеуіш, тұздық, маймен дастарханға ұсынар алдында араластырғаныңыз абзал.  Мерекелік отырыстан соң қалып қалған тағамдар мен салаттарды ұзақ мерзім сақтауға болмайды.Сонымен қатар,  ауыр және өлімге әкелетін ауру тағамдық ботулизм сияқты улану  дерті  білу маңызды. Уланудың негізгі себептері үй жағдайында консервіленген тағамдарды (саңырауқұлақ, баклажан, қияр және т.б.) жегеннен  пайда болады. Біз білетіндей, консервілерді тұтыну маусымы «жертөлелерден» өнімдерді жазғы және күзгі жинау кезінде басталады.Топырақта «Clostridium botulinum» бактериясы өмір сүреді және топырақ дұрыс тазаланбаса немесе жуылмаса немесе үйде консервілеу кезінде дайындау технологиясы сақталмаса, бар қоздырғыш өнімде қалады. Ал герметикалық жабылған құмырада, оттегісіз ортада ботулизм қоздырғышы ең күшті биологиялық уды – ботулинум токсинін бөледі. Егер  де құмыраның қақпағы ісінген болса, құмыраның түбінде тұнба немесе шырыш болса, оның дәмін татудан бастартыңыз. Ол қауіпті болуы мүмкін.           Сондай-ақ,  үйде дайындалған консервілерді (көкөніс, ет, балық) жабайы сауда орындарынан, белгісіз адамдардан алмау керек. Қоғамдық тамақтандыру орындарында қолдан жасалған тағам өнімдерін пайдалануға қатаң тыйым салынады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз