Кеше Талдықорғандағы «Жастар» спорт кешенінде облысымыздың әр түкпірінен келген 9 — 13 жас аралығындағы 200 баланың қатысуымен Президент шыршасы өтті,-деп хабарлайды taldykorgan-online.kz. басқа басылымдарға сілтеме жасап.
Шараның мақсаты — балаларымызды ғажайып әлемге саяхат құрғызып, жаңажылдық көтеріңкі көңіл- күй сыйлау.
Президент шыршасына көпбалалы отбасының, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан, ерекше күтімді қажет ететін балақайлар мен білім алуда, ғылымда, спортта, қоғамдық өмірде ерекше жетістіктерге жетіп, жоғары нәтиже көрсетіп жүрген балалар қатысып, әрқайсысы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қолынан жаңа жылдық сыйлыққа ие болды