Жетісуда «Көшбасшы-2023» жастар байқауының жеңімпаздары анықталды

207

«Көшбасшы» – Жетісу өңірінің дәстүрге айналған, ауқымды жобаларының бірі. Биыл облыстағы 190 000-ға жуық жастардың арасынан 114 үміткер байқауға қатысуға өтініш білдірді. Қатысушылар арасынан байқау ережелері бойынша іріктеліп, 10 жас жетісулық «Көшбасшы-2023» жастар сыйлығының жеңімпазы атанды-деп хабарлайды taldykorgan-online.kz. желілік басылымдарға сілтеме жасап.

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жастарға құттықтау тілегін білдіріп, жеңімпаздарға диплом, арнайы дайындалған мүсін және ақшалай сыйлықтар табыстады.

Сонымен, «Көшбасшы» жастар сыйлығының биылғы иегерлері:

 «Үздік жас қоғам белсендісі» аталымының жеңімпазы –  Жандос Нуриев;

 «Үздік оқушы» номинациясының иегері – Аяжан  Ықсан;

«Үздік студент» –  Арайлым Жайлаубаева;

«Үздік жас спортшы» –  Исхар Курбаев;

«Үздік жас журналист» – Аяулым Сансызбаева;

«Білім және ғылым саласының үздігі» – Әділет  Нұрғалиев Әділет;

«Үздік жас отбасы» – Сырымовтар әулеті;

«Үздік жас кәсіпкер» – Ерлан  Нарынбаев ;

«Үздік жас дәрігер» –  Алтынай Күдерова;

«Мәдениет саласының үздігі» –  Ербол Ақшолаков.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз