Жетісу облысы әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасында өткізілген байқаудың қорытындысы жарияланып, жүлдегерлер марапатталды.
Жалпы байқауға өңірдегі БАҚ өкілдерінен 94 жұмыс келіп түскен. Қазылар алқасының сараптауынан кейін олардың 22-сі жүлдегер атанды. Солардың арасында «Үздік дизайнер» аталымында «Талдықорған» газетінің дизайнері Зарина Чечетова жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!