20.5 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 11 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 487

АПВ қарсы вакцинация басталады

Жатыр мойны обыры - жатыр мойны эпителийінде пайда болатын қатерлі ісік. ЖМО қазақстандық әйелдерде жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, бұл адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау арқылы алдын алуға болатын жалғыз обырдың түрі. Ағымдағы жылдың 3-тоқсанынан 11 жастан бастап қыздарға вакцинация жүргізу жоспарлануда. Бұл жас ДДҰ, онкологтардың ұсынымдарына сәйкес таңдалған, өйткені 11-14 жаста вакцинация ересек жастағы вакцинациямен салыстырғанда неғұрлым тиімді, тұрақты...

Әйелді ұрып — соққандар мен бала зорлағандар қатаң жауапқа тартылуы мүмкін

Мәжіліс әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғайтын заң жобасын жұмысқа алды, - деп хабарлайды басқа басылымдарға сілтеме жасап taldykorgan-online.kz. Мәжіліс «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әйелердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» негізгі заң жобасы және «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу...

Талдықорғандағы балалар ауруханасында озық технологиямен жасалған оталар сәтті өтті

Талдықорғандағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жаңа видеоэндоскопиялық кешен берілді. Оның көмегімен дәрігерлер науқастың ағзасын кеспей, тесу арқылы операция жасай бастады. Отаның мұндай тәсілі жаңа туған нәрестелерге де қолданылып жатыр. Жыл басынан бері дәрігерлер екі сәбидің өміріне араша түсіп, оларды аман алып қалды. Балалар ауруханасындағы жаңа құрылғымен бір жарым айда 30 операция жасалды. Ең күрделісі София есімді бір күндік шақалақтың отасы...

Талдықорғанда бір отбасыны өрттен құтқарған автобус жүргізушісі марапатқа ие болды

 Талдықорған қаласының  әкімі Ернат Бәзіл  бір отбасыны өрттен құтқарып қалған автобус жүргізушісі Қуатқали Елнұрды қабылдады. Естеріңізге салсақ, 28 қаңтар күні қала аумағында жеке тұрғын үйдің гаражынан өрт шыққанын байқаған  №24 автобус жүргізушісі Елнұр бірден көмекке ұмтылады.   Ерлікке барған ол бір отбасын  өрттен құтқарып қалған еді. Үй иесімен бірге 112 қызметіне қоңырау шалып, қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтауына көмектескен. Осыған орай, қала...

Білім саласына арналған келелі конференция

Талдықорған қаласы Оқушылар сарайында «Табысты басшы» жобасы аясында «Білім беру жүйесін дамыту: тәжірибелер, мәселелер, шешу жолдары» тақырыбында конференция өтті. Оған мектеп директорлары, мектеп директорының оқу, әдістемелік, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, балабақша меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты. Аталған жиын оқу-тәрбие процесін жетілдіру, оны дамытуға бағытталған озық тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелерін талқылау мақсатындаұйымдастырылды. Пленарлық мәжілісте облыстық білім басқармасы басшысы Марат Сүлейменов конференцияға қатысушыларды құттықтап,...

Жетісуда оқушылар тасымалына арналған автобустар табысталды

Талдықорған қаласында Жетісу облысының 5 ауданына оқушылар тасымалы үшін жаңа автоубустар берілді. Салтанатты іс-шарада 5 автобус кілтін  Жетісу облысы білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов табыстады. - Өткен жылы шалғай елді мекендердегі балаларды тасымалдау үшін республикалық бюджеттен 53,4 млн. теңгеге 7 автобус лизингке алынып, соның екеуі былтыр берілсе, қалған 5-еуін бүгін табыстап отырмыз. Сол сияқты 2023 жылы жергілікті бюджеттен 223 млн.теңге...

Талдықорғанда тұратын соғыс ардагері Ысқақ Құсайынов атамыз мерейлі 100 жасқа толды

Талдықорған қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Ысқақ Құсайынов биыл 100-ге толып отыр. Ардагерді облыс әкімінің   орынбасары Марлен Көлбаев арнайы құттықтап қайтты. Ардагерге игі тілегін білдірген М. Көлбаев облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қолы қойылған құттықтау хатты мерейтой иесіне тапсырып, иығына шапан жапты, естелік сыйлықтар табыс етті. Облыс әкімінің құттықтау хатында: «Өзіңіздей Отан алдындағы әскери борышын адал атқарған, еселі...

1-сынып оқушылары қосымша каникулда қанша күн демалады ?

ғаламтордан алынды
Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі елде 1-сынып оқушылары қашаннан бастап қосымша каникулға шығатынын хабарлады.  "Еліміздің мектептерінде 2024 жылғы 8 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды. 1-сыныпта білім алушыларға 2024 жылғы 5-11 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі", - делінген хабарламада.

Үміткерлерге «Өркен»білім гранты жарияланды

«Назарбаев Зияткерлік  мектептері» дербес білім беру ұйымы 2024-2025 оқу жылында  7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентіның «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялап отыр.  Құжат қабылдау ағымдағы жылғы 8- 10 қаңтарға дейін жүргізілді. Енді  кешенді тестілеу  2024 жылғы 28-29 наурыз күндері өтпекші.  Бұл туралы  Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының   оқу ісі жөніндегі орынбасары Қайсар Нұрболұлы айтып...

Қызылшаға қатысты жағдай тұрақты

Өткен жылдың соңында  қызылша ауруының күрт өсуі байқалып, науқастардың саны 218-ге дейін өскен болатын. Ағымдағы жылы қаңтар айында сырқаттанушылық деңгейі  100 адамды көрсетті. Бұл жөнінде баспасөз мәслихатында Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова мен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы директорының орынбасары Гүлнар Жүсіпбекова мәлімдеді. Спикерлер «Расталған жағдайлардың 80%-ы бұрын қызылшаға қарсы вакцинация алмаған. Бұл статистика инфекцияның таралуын бақылауда...