Талдықорғандағы балалар ауруханасында озық технологиямен жасалған оталар сәтті өтті

111

Талдықорғандағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жаңа видеоэндоскопиялық кешен берілді. Оның көмегімен дәрігерлер науқастың ағзасын кеспей, тесу арқылы операция жасай бастады. Отаның мұндай тәсілі жаңа туған нәрестелерге де қолданылып жатыр. Жыл басынан бері дәрігерлер екі сәбидің өміріне араша түсіп, оларды аман алып қалды.

Балалар ауруханасындағы жаңа құрылғымен бір жарым айда 30 операция жасалды. Ең күрделісі София есімді бір күндік шақалақтың отасы болды. Дәрігерлер жансақтау бөліміне түскен сәбидің көк етіндегі тесікті тігіп, өкпе тұсындағы ішекті өз орнына түсірген.

Жетісу облысының тұрғыны И.Беделбаеваның айтуынша, баласына жасалған ота сәтті өткен. Мұндай диагноздармен балалар көбіне, тірі қалмайды екен. Бірінші алланың арқасы, екінші хирург дәрігерлердің көмегімен бала жағдайы жақсы.

 Дәрігерлердің айтуынша, бұрын мұндай операцияларды кесіп ашық түрде жасалатын. Ол кезде науқастың сауығу кезеңі ұзаққа созылатын. Ал қазір озық технологияның көмегімен тесу арқылы жасалады. Нәтижесінде балалар тез жазылып кетеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз