Білім саласына арналған келелі конференция

263

Талдықорған қаласы Оқушылар сарайында «Табысты басшы» жобасы аясында «Білім беру жүйесін дамыту: тәжірибелер, мәселелер, шешу жолдары» тақырыбында конференция өтті. Оған мектеп директорлары, мектеп директорының оқу, әдістемелік, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, балабақша меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты.

Аталған жиын оқу-тәрбие процесін жетілдіру, оны дамытуға бағытталған озық тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелерін талқылау мақсатындаұйымдастырылды.

Пленарлық мәжілісте облыстық білім басқармасы басшысы Марат Сүлейменов конференцияға қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институты директоры Гүлшат Онланбекқызы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру жөнінде, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академиясының Әдістемелік қызметті үйлестіру және кәсіби дамыту орталығының жетекші сарапшысы Төлеу Әбішевмектептің даму бағдарламасы туралы ой қозғады.

Одан кейін«Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасының маңыздылығыжөнінде Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директорыАсубаев Берік Құттыбайұлы сөз сөйлеп, білім беру ұйымдарының жаңа моделітуралы СEO Ұлттық Ustaz-онлайн академиясының негізін қалаушы, э.ғ.дГульмира Курганбаеваой қозғады.

Конференция жұмысы секция отырыстарымен жалғасты. Бірінші  секциямектепке дейінгі ұйым меңгерушілері және әдіскерлеріне арналған«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасына жаңа бағыт» тақырыбында, екінші секция «Инновациялық басқару — білім беру сапасын жақсартудың негізі» деген тақырыпта   мектеп директорларының қатысуымен өтті. Үшінші секция «Білім сапасын басқару: теориясы, тәжірибесі мен даму тенденциялары» тақырыбындамектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналды. Төртінші секциямектеп директорларының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларының қатысуымен «Әдістемелік қызметті жетілдірудегі инновациялық амалдар»тақырыбында өтті. «Тәрбие процесін дамыту:тәжірибелері, мәселелері, шешу жолдары» тақырыбындағы бесінші секция жұмысына мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Секция жұмыстарында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, өзекті мәселелер талқыланды.

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз