«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2024-2025 оқу жылында 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентіның «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялап отыр. Құжат қабылдау ағымдағы жылғы 8- 10 қаңтарға дейін жүргізілді. Енді кешенді тестілеу 2024 жылғы 28-29 наурыз күндері өтпекші. Бұл туралы Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қайсар Нұрболұлы айтып берді.
Қайсар Нұрбек : «Зияткерлік мектептерге оқушылар халықаралық стандарттарға сай және конкурстық іріктеу жүйесімен қабылданады. Конкурстың қорытындысы негізінде «Өркен» білім беру грантын жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау және тілдік тестілеуден неғұрлым жоғары жалпы балл жинаған үміткерлерге 7-сыныптарда оқуға грант тағайындалады,-деді.
Бұл Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында оқушыларды конкурстық іріктеуге сынақ оффлайн байқау тестілеуі ақылы өтеді. Жобалар туралы толық ақпаратты www.nis.edu.kz сайтында «Үміткерлер» бөлімінен алуға болады. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін оқушының заңды өкілі зияткерлік мектептердің қабылдау комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады: өтініш, сауалнама толтыру,үміткердің туу туралы куәлігі, оқу үлгерімі, фотосурет.
Ал осы зияткерлік мектептің 10-сынып оқушысы Ділназ Бурахан, өзіне бұл жерде ұнайтындығын және де қабілеттерін ашуға жан-жақты жағдай жасалып отырғандығын айтты. Бұл мектептің оқушылары елімізде ғана емес, шетелде білім алуға мүмкіндік алып отыр.