Мектеп ұжымы акцияға атсалысты
Бүгін «Таза Қазақстан», «Киелі мекен» акциясы аясында қаламыздағы Ғали Орманов ескерткіші тазаланды. Аталған акцияға №4 орта мектеп ұжымы атсалысты.
Гидробекеттер мен гидротехникалық құрылымдар жөнделуде
“КазСуШар” мекемесі Жетісу облысы бойынша 173,1км канал жүйелерін тазартып, 10 гидробекеттер мен 54 гидротехникалық құрылымдарды жөндеуде.
Бүгінге 40км канал тазартылып, 1 гидротехникалық құрылым салынып, 4 гидротехникалық құрылым жөнделді, бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.
Бұған қоса 20 мың гектар егістікті суғаруға 174 млн.куб су алу үшін 1060 шаруа қожалықтарымен су бөлуге келісім шарттар жасалды.
Ас мәзірі қазақша талдықорғандық «Ер Төстік » жүлдегер атанды
Мейрамхана, дүкен, сауда орындарындағы тілдің қолданысы қандай? Кез келгеніміз жылына бір рет болса да тамақтану орындарына бас сұғатындығымз сөзсіз. Сол кезде байқағанымыз, қарапайым ғана мысал - ас мәзірі қазақ тілінде жазылған ба соған назар адарамыз. Бүгінде келушілеріне дәмді асты ұсынатын дәмханалар көбейген. Десек те, өз елімізде кәсіп ашатын азаматтардың кейбірі нысанның атауын қазақша қоюға арланатындығы жасырын емес.
Осы қазақша атау...
Демалыс күні 4 мамырдан 8 мамырға ауыстырылды
Қазақстанда мамыр мерекесіне байланысты демалыс күні ресми түрде 4 мамырдан 8 мамырға ауыстырылды. Бұйрықты Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады.
"Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында бұйырамын: демалыс күні 2024 жылғы 4 мамыр сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылсын", - деп жазылған құжатта.
Яғни, қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады: 2024 жылдың 7,...
Талдықорғанда «Киелі мекен» экология апталығы жалғасуда
Бүгін Талдықорғанда «Таза Қазақстан» акциясының «Киелі мекен» бағыты бойынша талды қаланың жастары мен еріктілері «Ардагерлер саябағында» тазарту жұмыстарын жүргізді. Акция барысында саябақ аумағының шөбі шабылып, орындықтары сырланып, жаяу жүргіншілер жолы жуылып, ретке келтірілді.
Экологиялық акцияға «Жетісу Жастары» орталығының 20-ға жуық жастары белсенді қатысты.
#7su #km #тазақазақстан #киелімекен
#тазақазақстан #тазақалаталдықорған #акция #сенбілік
Талдықорғанда тарихи-мәдени ескерткіштер маңайы тазаланып, абаттандырылды
Бүгін «Таза Қазақстан», «Киелі мекен» акциясы аясында қаламыздағы ескерткіштер жуылып, маңайы қоқыстардан тазартылды.
Атап айтқанда, бүгінгі акция Қабанбай батыр, Ескелді би, Балпық би, Қаблиса жырау және Жолбарыс би ескерткіштері маңында өтті.
Экологиялық акцияға 20 адам белсенді қатысты.
#7su #km #тазақазақстан #киелімекен
#тазақазақстан #тазақалаталдықорған #акция #сенбілік
Шығармадан түйген ой
Әке – біз сүйеніп тұратын асқар тау. Бұл жалғандағы біздің сенімді серігіміз, бізді әрқашан жақсы көретін, қуаныш пен қайғыда да қасымыздан табылатын ірі тұлға. Әке тәрбиесін ешқандай мектеп те, ұстаз да бере алмайды. Ол – шаңырақтағы барша ауыртпалықты көтеретін отбасы шамшырағы.
Осындай ұғымға өз шығармаларын арнаған қазақ жазушылары аз емес. Солардың ішінде жетісулық жазушы Сайын Мұратбековтың «Ата» деген шағын әңгімесі...
Талдықорғанда жол жиектері инертті материалдардан тазартылды
Бүгін «Таза Қазақстан», «Киелі мекен» акциясы аясында Абай, Абылайхан, Шевченко, Шахворостов көшелерінің жиектері инертті материалдардан тазартылып, жол бойынан 70 м3 қоқыс шығарылды. Экологиялық акцияға 50 адам белсенді қатысты.
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСI
Жалпы ережелер
Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы журналистер арасында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауын (бұдан әрі – Байқау) жариялайды.
Байқауды өткізудің мақсаттары мен міндеттері:
- мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау жұмыстарын жандандыру;
- мемлекеттік тіл мәселесіне қоғамның назарын аударту;
- мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері туралы мақалалар, бағдарламалар арқылы тұрғындардың танымын кеңейту;
- қазақ тіліндегі контентті ұлғайту және мемлекеттік тілдің...
Еуропалық иммундау апталығы басталады
Қазақстан Республикасы бойынша, соның ішінде Жетісу облысында 2024 жылғы сәуірдің 21-нен 27-іне дейінгі аралықта «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі. Бұл туралы Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев пен орынбасары Жанета Нұрманбетова БАҚ өкілдерімен өткен брифингта айтып берді.
Асхат Сәкенұлының айтуынша, биыл бұл халықаралық апталық иммундаудың кеңейтілген бағдарламасының 50-жылдығымен тұспа-тұс...





























