«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСI

232
  1. Жалпы ережелер
  2. Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы журналистер арасында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауын (бұдан әрі – Байқау) жариялайды.
  3. Байқауды өткізудің мақсаттары мен міндеттері:

— мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау жұмыстарын жандандыру;

—    мемлекеттік тіл мәселесіне қоғамның назарын аударту;

— мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері туралы мақалалар, бағдарламалар арқылы тұрғындардың танымын кеңейту;

—  қазақ тіліндегі контентті ұлғайту және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.

  1. Конкурс екі номинациядан тұрады:

1) «Үздік мақала»;

2) «Үздік теле және радиобағдарлама».

  1. Конкурсқа кәсіби журналистер, телевизия және радио, газет, сайт ұжымдары, сондай-ақ осы Ереженің талаптарына сәйкес мемлекеттік тілдің (қазақ тілінің) өзекті мәселелері жөнінде жариялым жасаған азаматтар қатыса алады. Қатысушылардан жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мемлекеттік тілді дамыту және оның қолданыс аясын кеңейту жөніндегі мемлекеттік тілдегі материалдар қабылданады. Материалдар аналитикалық талдаулар, проблемалар мен олардың шешу жолдарына негізделуі қажет. Байқау материалдарында қазақ тілінің қолданысын кеңейтудің тиімді жолдары мен тың әдістері көрсетілуі тиіс.
  2. Байқау материалдарын бағалау критерийлері:

— тақырыпқа сәйкестік;

— қамтылған ақпараттың өзектілігі, нақтылығы мен шынайылығы;

— журналистика принциптеріне сай келуі, материалды жеткізу шеберлігі;

— мәселені талдау тереңдігі, заманауи шешу жолдарын көрсетуі.

Байқауға қатысушы үміткерлердің байқауға ұсынған материалдары олардың кәсіби біліктілігін, мультимедиалық сторителлинг және заманауи медиа мүмкіндіктерін, мемлекеттік тілді дамытудың заманауи моделін тұтас қоғамға және әрбір жеке оқырманға, тыңдарманға және көрерменге аша алуы қажет. Байқауға ұсынылатын материалдар авторларының заманауи біліктілігі, оның ішінде дата-журналистік қабілеттері де (сапамен, санмен жұмыс жасау қабілеті) ескеріледі. Коммуникативтік ресурстарды орынды қолданып, заманауи медиатехнологияларды дәстүрлі журналистика құралдарымен кіріктіре отырып, мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, сол арқылы мемлекеттік тілдің қызметі, даму жолдары мен мемлекеттік тіл саясатының түрлі қырларын, өзекті мәселелерін сапалы, сенімді және нәтижелі түрде баяндауы қажет.

Байқауға қатысушылардың қазақтілді контентті қарқынды дамытудың заманауи жолдары мен инновациялық шешімдерін көрсете білуі маңызды. Әлеуметтік ортада, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің нық орнығып, еркін қолданылуында кездесетін кедергілерді айқындай отырып, негізгі шешімдер ұсыну шеберлігіне мән беріледі.

  1. Байқауға қатысу үшін жоғарыда аталған екі номинацияның біреуі бойынша өтінім (қол қойылған, сканерлеген және «Word» форматы) zhetysu.til@mail.ru электрондық поштасына, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауына» деген белгімен 2024 жылдың 6 мамырына дейін мынадай құжаттармен бірге жолдануы тиіс.

— Ереженің қосымшасына сәйкес өтініммен қоса жеке куәлігінің электронды көшірмесі;

— 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 6 мамырға дейін  баспасөз бен электронды порталдарда жарық көрген екі материалдың (газет-журналда немесе сайттарда жарияланған екі мақаланың) «Word» форматындағы электрондық нұсқалары, скриншоттары, сканерленген нұсқасы, белсенді сілтемесі;

— немесе эфирге шыққан, әлде ресми интернет аккаунттан жарияланған екі медиаөнімнің (теле-радио бағдарлама, телесюжет немесе кэпшн-видеоның) видеофайлы, аудиофайлы мен белсенді сілтемесі;

  1. Ережеде көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім байқауға қатыстырылмайды.
  2. Байқауға ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды.

  1. Қорытынды ережелер
  2. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамына кемінде үш адамнан тұратын журналистика, ақпарат, тіл, әдебиет салаларының білікті мамандары, журналистика бойынша зерттеуші-ғалымдар кіреді. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасы мүшелері қатысушылардан түскен материалдар негізінде ашық дауыс беру арқылы байқаудың екі номинациясы бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды. Байқаудың марапаттау рәсімі 2024 жылдың мамыр айында салтанатты түрде өткізіледі.
  3. Байқау жеңімпаздары ұйымдастырушы бекіткен жүлде қоры мөлшерінде арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлде және I орынға ие болған қатысушылар республикалық кезеңге жолдама алады.
  4. Байқаудың жеңімпаздары туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының интернет-ресурсына орналастырылады.

                                Анықтама үшін:

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы

Талдықорған қаласы, Қаратал шағын ауданы, 36/Б

Байланыс телефондары: 8 (7282) 40-10-49, +7 777 234-79-78

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз