Шығармадан түйген ой

210

Әке – біз сүйеніп тұратын асқар тау. Бұл жалғандағы біздің сенімді серігіміз, бізді әрқашан жақсы көретін, қуаныш пен қайғыда да қасымыздан  табылатын ірі тұлға. Әке тәрбиесін ешқандай мектеп те, ұстаз да бере алмайды. Ол – шаңырақтағы барша ауыртпалықты көтеретін отбасы шамшырағы.

Осындай ұғымға өз шығармаларын арнаған қазақ жазушылары аз емес. Солардың ішінде жетісулық жазушы Сайын Мұратбековтың «Ата» деген шағын әңгімесі өзіндік орны бар шығарма десек қателеспегеніміз болар. Шығармадан өзіме түйгенім бала мен әкенің қарым-қатынасын үзбей нығайтып отыру керек. «Ет жүрегі елжіреп, ұрпағының амандығы мен жақсылығын бақыт санайтын атаны ардақтап, оның алдынан қия өтпей, айтқанын орындау, атаға қашан да қамқорлық жасау, қиындықтан қымсынбай қызмет көрсету – сенің адамгершілік парызың». Қаншалықты қарбаласқа толы күн кешіп жатсаң да, белгілі бір уақытыңды отбасыңа арнауды ұмытпаған абзал. Халқымызда «әке-шешең жынды болса, байлап бақ» деген сөз бар. Сені өмірге әкеліп, бағып-қағып, барын берген ата-анаға құрмет көрсету әр перзенттің борышы. Оның атақ дәрежесі, қызметі, болмысы маңызды емес. Жәй ғана жақсы көріңіз, қызмет қылыңыз. «Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой». Бәрі де өтеді, кетеді. Мына әлемде уақытты тежеп тұратын күш жоқ. Сынаптай сырғи береді, ғазиз жүрек бір күні болмаса бір күні соғуын тоқтатады. Ештеңе де, ешкім де қайтып оралмасы анық. Сол ғұмырды өкінішсіз, сыйластықта, отбасыңмен берекелі өткізгенге не жетсін?!

Ақмарал Әстай, «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» КММ мұғалімі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз