Еуропалық иммундау апталығы басталады

234

Қазақстан Республикасы бойынша, соның ішінде Жетісу облысында 2024 жылғы сәуірдің 21-нен 27-іне дейінгі аралықта  «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі. Бұл туралы Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев пен орынбасары Жанета Нұрманбетова БАҚ өкілдерімен өткен  брифингта айтып берді.

 Асхат Сәкенұлының айтуынша, биыл  бұл халықаралық  апталық иммундаудың кеңейтілген бағдарламасының 50-жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр. ДДСҰ  мәліметінше,  жыл сайын Еуропалық иммундау апталығына 53 мемлекет қатысып келеді.

Жанета Нариманқызының айтуынша,  тұрғындарды иммундау 20 жұқпалы  аурудың алдын алуға мүмкіндік береді әрі бұл ақысыз жүргізіледі.

 Мәселен, биыл  республика бойынша адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация енгізіледі. Бұл жатыр мойны обырының дамуының алдын алады.  Әйелдерде жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі. Көп жағдайда жатыр мойны обырының дамуына АПВ себеп болады.

Айтар болсақ еліміз  бойынша жыл сайын 5 млн-ға жуық адам, соның ішінде 1,3 млн.бала жұқпалы ауруларға қарсы егіледі.

Облыс бойынша 2003 жылдан бері ең тиімді алдын – алу шарасы ретінде тұрғындар арасында вирустық «А» гепатитіне қарсы арнайы иммундау жүргізіле бастады. Ал 2011 жылдың соңынан облыстық бюджеттен жүйелі түрде қаржы бөлініп, вирустық «А» гепатитіне қарсы 2 жастағы балалар және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша ошақта қарым–қатынаста болғандар иммундаумен қамтыла бастады. Нәтижесінде вирустық «А» гепатиті 2023 жылы  алдыңғы он жылмен (710 жағдай) салыстырғанда 6 есеге төмендеді.

Вакцинаны дер кезінде алмау себебінен  2003 жылы дифтерияның (күл) 1 жағдайы, 2014 жылы қызамықтың 2 жағдайы, 2019 жылы эпидемиялық паротиттің 2 жағдайы, 2017 жылы сіреспенің 3 жағдайы тіркеліп, сіреспеден 1 өлім жағдайы орын алды. Егер халықтың 95% егілсе, онда бұл балалардың ауру қаупі төмен болар еді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні  облыста көкжөтелден тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасуда. Алғашқы нақтамасымен көкжөтелдің 37 жағдайы тіркелді.  Науқастардың арасында 1-4 жасқа дейінгі балалар  саны 7-еу.

 Еуропалық  иммундау апталығы шеңберінде егілусіз қалып жатқан басқа республикалардан, аймақтардан келген, тіркеусіз (оның ішінде саяжайларда) адамдарды, діни қауымдарының мүшелерін анықтап жұқпалы сырқаттанушылыққа қарсы иммундауға медициналық ұйымдарда есепке алу шаралары ұйымдастырылады. Тұрғындар арасында вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Иммундау апталығы – балаңыздың және өзіңіздің денсаулығыңызды қорғаудың мүмкіндігі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз