Талдықорғанда тұңғыш рет «Мектеп барысы» жобасы бастау алды
Қазақ күресін дамыту мақсатында тұңғыш рет Талдықорғанда «Мектеп барысы» жобасы басталды.
Жеті кезеңді қамтитын жобада түрлі шара қолға алынған. Атап айтқанда, жергілікті блогерлермен 4 шақырым жүгіру, суға жүзу, арнайы фитнес залдарында жаттығу және қазақ күресінен шеберлік сағатын ұйымдастыру.
Аталмыш спорттық жобаға қаламыздың 27 мектебінен іріктелген балуандар «Мектеп Барысы» атағы үшін бақ сынаспақ. Ұйымдастырушылардың сөзінше бүгінгі күні жас өрендер жаттығу шараларына толығымен...
ХАБАРЛАНДЫРУ
"Талдықорған" газеті 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні мейрамдарына орай №19 газет саны 10-шы мамыр күні шықпайтынын хабарлайды.
Ширек ғасыр шеңберіндегі «Жетісу»
Халық ықыласына бөленіп, жақсылыққа жалау болып, артыңа ізгілік ізін қалдыра алсаң адамдық мұратқа жеткенің. Ақпарат тасқынының ауқымы артқан сайын талғампаз аудитория тарапынан қойылар талап та күшейді. Көрермен алдындағы жауапты мүддені қалыптастырып, күрмеуі қиын мәселенің түйінін тарқатуда жанкешті еңбек етіп келе жатқан өңірлік төл арнаның рөлі hәм абыройы зор. Жанкештілік дегеннен шығады-ау, қолына қару ұстап жауға қарсы шаппады дерсіз. Алайда,...
Президент: Бүгінде айбынды армиямыз – елдегі тыныштықтың мықты қалқаны
Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты,-деп хабарлайды taldykorgan-online.kz. басқа басылымдарға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және алда келе жатқан Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, осы екі мейрам жауынгерлік дәстүрдің сабақтастығын паш ететінін, батыр бабаларымыздың даңқты жолын қазір өскелең ұрпақ жалғастырып келе...
Ауыл мектептері жаңа технологияның жоғары жылдамдықты интернетіне қосылуда
Жетісу облысындағы 55 мектеп пилоттық режимде «Starlink» технологиясына қосылуда. Соның ішінде Көксу ауданындағы 4 мектеп бүгінгі күні аталмыш технология арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізді. Еске салсақ, жуырда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жетісулық мектептерге 55 терминал жеткізген болатын.
Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, республика көлемінде пилоттық жоба аясында интернетке қосылатын 2 мың ауылдық мектептің ішіне Жетісу...
Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысқан майдангер ғасыр тойына жетті
Барша адамзат үшін 9 мамыр – бейбіт өмірі, жарқын болашағымыз үшін жауға қарсы сұрапыл соғыста жеңіс үшін айқасқа түскен ерлеріміздің ерлік символы.
Ұлы Отан соғысының ардагері Сәрсенбай Қаңтарбай 1924 жылдың 10 мамырында Көксу ауданы Балпық би кентінде дүниеге келген. Жеңіс күнінде өзінің ғасырлық тойын бірге атапа өтпек. 1942 жылы Мұқыры орта мектебін бітірген соң, әскер қатарына шақырылады. Сол жылы Аягөз...
Ерлік ешуақытта ұмытылмайды
«Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранда аналардың құрғамаған көз жасы, әкесіз өскен баланың мұңы жатты.
Кеңес кезіндегі Отан үшін болған майданда әрбір төртінші адам көз жұмды. Бұл қилы да қиын заманда, КСРО халықтары бірігіп, жанқиярлық көзсіз ерлік пен татулықтың арқасында жауға тойтарыс бере алды. Қазіргі ұрпақ ашық аспан мен бейбітшілік сыйлаған сол батырларға ризашылық білдіруіміз керек....
Жеке куәліктің жаңа үлгісінде қазақстандықтардың жынысы көрсетіледі
Ішкі істер министрлігі жеке куәліктің үлгісін өзгертуді көздейтін нормативтік құжаттың жобасын ашық талқылауға шығарды.
«Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің фотобейнесі, қолы және дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады» деп жазылған бұйрықтың жобасында.
Ал куәліктің артқы жағына құжат иесінің азаматтығы туралы мәлімет жазылады.
«Қазақстан Республикасы азаматының...
Жеңіске -79 жыл. Ғасыр тойына жеткен майдангер
Cоғыс қиындығын көріп, төрт жылға созылған зұлматты бастан өткерген ардагерлердің ерен еңбегі мен ерлігі ұмытылмайды. Қазіргі таңда облысымызда 4 майдангер осы Жеңіс күніне жетіп отыр. Олардың 3-еуі Талдықорған қаласында тұрады.
Ұлы Отан соғысының ардагері Ысқақ Құсайынов атамыздың жасы биыл 100-ге жетті.
Соғыс ардагері Ысқақ Әбілпейісұлы 1924 жылы 14 қаңтарда кезіндегі Алматы облысы Алакөл ауданында дүниеге келген. Әкесі Әбілпейіз ауыр дерт сүзектен...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы
Құрметті еліміздің православ қауымы!
Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын!
Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады.
Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді. Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады.
Православ қауымы қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға, бірлік және тілеулестік сияқты басты құндылықтарды орнықтыруға зор...




























