Жеке куәліктің жаңа үлгісінде қазақстандықтардың жынысы көрсетіледі

283

Ішкі істер министрлігі жеке куәліктің үлгісін өзгертуді көздейтін нормативтік құжаттың жобасын ашық талқылауға шығарды.

«Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің фотобейнесі, қолы және дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады» деп жазылған бұйрықтың жобасында.

Ал куәліктің артқы жағына құжат иесінің азаматтығы туралы мәлімет жазылады.

«Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің сыртқы жағында штрих-код түрінде кодталған ЖСН, микросхеманың байланыс бөлігі, жеке куәлік иесінің туған жері, ұлты және азаматтығы туралы дербес деректері, сондай-ақ куәлік берген орган, берілген күні және қолданылу мерзімі туралы мәлімет орналасады. Куәлік иесінің ұлты туралы мәлімет оның қалауы бойынша көрсетіледі» делінген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз