Қазақ күресін дамыту мақсатында тұңғыш рет Талдықорғанда «Мектеп барысы» жобасы басталды.
Жеті кезеңді қамтитын жобада түрлі шара қолға алынған. Атап айтқанда, жергілікті блогерлермен 4 шақырым жүгіру, суға жүзу, арнайы фитнес залдарында жаттығу және қазақ күресінен шеберлік сағатын ұйымдастыру.
Аталмыш спорттық жобаға қаламыздың 27 мектебінен іріктелген балуандар «Мектеп Барысы» атағы үшін бақ сынаспақ. Ұйымдастырушылардың сөзінше бүгінгі күні жас өрендер жаттығу шараларына толығымен кірісіп кеткен.
Жас балуандармен қала әкімі Ернат Бәзіл жүздесіп, алдағы сында сәттілік тілеп, ұлттық спорт түрін кеңінен насихаттау оны кеңінен дәріптеуде үлкен жұмыстар жасалынып жатқандығын ерекше айтып өтті.
Бұл спорттық жарыс, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп, жас буынның бос уақыттарын тиімді өткізуі және төл спорттың кең етек жаюына өз септігін бермек.
Мектеп барысының» ақтық кезеңі 18 мамыр күні өткізіледі деп жоспарлануда.