14 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 13 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 451

Талапкер: биыл қай мамандықтарға көп грант бөлінеді?

Биыл бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Барлық гранттың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінді, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері. "Гранттардың басым бөлігі "Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары" білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 19 344 грантты құрайды. Ал "Педагогикалық ғылымдарға" – 13 735 грант, "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" саласына – 10 903 грант, "Жаратылыстану ғылымдары, математика...

Мемлекеттік қызметшіге — этикалық стандарт пен кәсіби талап

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жетісу облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы О.Күнбосынов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Қатысушыларға мемлекеттік сатып алу саласын мониторингтеу әдістері туралы ақпарат берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бюджет қаражатын ұтымсыз жұмсағаны және көрсетілген сомаларды бюджетке қайтарғаны үшін кінәлі адамдарды жауапқа тарту қажеттілігі туралы ұстанымы...

Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам: профилактикалық кездесу

 Жуырда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша Департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Б. Өмірбеков «Жетісу облысының Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті» РММ-нің ұжымымен профилактикалық кездесу өткізді. Кездесу аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары жеткізілді. Сыртқы талдау көрсеткендей, Департаменттің қызметі саласында ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметте белгілі бір кемшіліктер бар. Осылайша, медициналық-әлеуметтік сараптамалар желісі...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп

Жетісу облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Білім басқармасымен бірлесіп, №27 мектеп-гимназиясының жазғы лагерінде оқушылар мен жас мұғалімдерге арналған жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп ұйымдастырды. Іс-шара «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – гүлденген ел!» ұранымен өтті.   Мектеп аясында зияткерлік ойын мен TEDx форматындағы сұхбат өткізіліп, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы білімдері мен дағдыларын көрсетті. Балалар сыбайлас жемқорлық тақырыбын талқылауға белсенді қатысып, оның...

Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы-2024» жастар сыйлығына құжат қабылдау басталды

Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы-2024» жастар сыйлығының ЕРЕЖЕСІ 1. ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕ 1.1. Байқауды ұйымдастырушы – «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ, «Жетісу Жастары» КММ. 1.2. Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы-2024» жастар сыйлығы Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына белсене атсалысып жүрген жастарды қолдауға бағытталған дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын облыстық ауқымдағы іс-шара. 2. БАЙҚАУДЫҢ  МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 2.1. Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы-2024» жастар сыйлығы 14-35 аралығындағы үздік жастарды марапаттау,...

Жоламан ауылында 75 орындық балабақша ашылады

Жоламан ауылында 75 орындық балабақша ашылады.  Бұл балабақшаның іргесі 1964 жылы қаланған болатын. Осы ескі ғимарат қайта жаңартылуда. Аудан әкімі Қанат Ерболатов Жоламан ауылына барған жұмыс сапары кезінде балабақша жұмысын көріп шықты. Иесіз ғимараттың жерге орналастыру жобасы бекітіліп, мемлекеттік құқықты кейіннен сатып алу құқығымен 5 жыл мерзімге балабақша ашуға өтінім білдірген Жоламан ауыл тұрғынына сенімгерлік басқаруға берілді. Қазіргі кезекте күрделі...

Жетісу облысында жылумен жабдықтаудың 4 жобасы іске асуда

Облыс жұртшылығын жылумен жабдықтау жүйесінде Текелі қаласының жылу электр орталығы мен 23 қазандық жұмыс жасайды.  Олардың 7-уі газбен, 14-і  көмірмен, 3-уі сұйық отынмен жылытады.  Жылу желілерінің ұзындығы 390 км құрайды. Биылғы жылы Үшарал қаласында қуаты 30 Гкал/сағ жаңа қазандық, Үштөбеде газбен жылынатын блокты-модульді қазандық қолданысқа берілмек. Облыс орталығында  «Талдықорғанжылусервис» коммуналдық қызметінің күшімен Төлебаев, Алдабергенов көшелерінен Жансүгіров көшесіне дейінгі жалпы ұзындығы...

Өңірде жаңартылатын энергия көздерінің 3 жобасы жүзеге асуда

2024 жылдың жарты жылдығы бойынша электр энергиясын тұтыну 1110,4 млн. квт сағатты құрды. Бүгінгі таңда облыста белгіленген қуаты 210,5 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 15 нысаны жұмыс істейді. 2024 жылы белгіленген қуаттылығы 42,1 МВт, құны 17,4 млрд.теңге болатын жаңартылатын энергия көздерінің 3 жобасын аяқтау жоспарлануда. Атап айтсақ, Ескелді ауданында қуаттылығы - 29 МВт, 1 СЭС, Сарқан ауданында қуаттылығы - 13,1...

Жетісуда электр желілерін жаңартуға 1,6 млрд. теңге инвестиция тартылды

Жетісуда электр желілерін жаңартуға 1,6 млрд. теңге инвестиция тартылды.  Айтар болсақ, облыс аумағында барлығы 13,7 мың км электр желілері және 2,6 мың бірлік қосалқы станция бар. «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде 2023-2029 жылдар аралығында «ТАТЭК» акционерлік қоғамы 7 жыл ішінде желілер мен жабдықтардың 12%-ын жаңғырту жоспарлануда. Ағымдағы жылда жоба аясында 80,4 км электр беру желілері мен 4 бірлік қосалқы станцияларын...

Жетісудың 20 елді мекенінде ауыз су сапасы жақсарады

2023 жылы облыста сумен жабдықтау желілерін салу және реконструкциялау бойынша 25 жоба іске асып, орталық сумен 2 ауыл қамтамасыз етілді. Ал 9 елді мекенде 112 км сумен жабдықтау желілері қайта жаңартылды. Биылға  22 жоба қолға алынып, нәтижесінде облыстың 2 ауыл орталық ауыз сумен қамтылып, 20 елді мекенінде ауыз судың сапасы жақсармақ.