Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп

208

Жетісу облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Білім басқармасымен бірлесіп, №27 мектеп-гимназиясының жазғы лагерінде оқушылар мен жас мұғалімдерге арналған жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп ұйымдастырды. Іс-шара «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – гүлденген ел!» ұранымен өтті.

 

Мектеп аясында зияткерлік ойын мен TEDx форматындағы сұхбат өткізіліп, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы білімдері мен дағдыларын көрсетті.

Балалар сыбайлас жемқорлық тақырыбын талқылауға белсенді қатысып, оның зияны туралы өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойды.

Сыбайлас жемқорлық мәселесін талқылау балаларға оның зиянын түсінуге, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және заңдарды құрметтеуге көмектеседі.

Бұл заңға бағынатын және адал азаматтарды тәрбиелеуге, құқықтық сананы, адалдықты, белсенді азаматтық ұстанымды, құқықтық нормалар мен заңдарды құрметтеуді, сондай-ақ мемлекеттік құрылымның және қоғамның өмір сүру қағидаларын түсінуге ықпал етеді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріндегі тапқырлығы мен білімі үшін үздік оқушылар марапатталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз