Жоламан ауылында 75 орындық балабақша ашылады

137

Жоламан ауылында 75 орындық балабақша ашылады.  Бұл балабақшаның іргесі 1964 жылы қаланған болатын. Осы ескі ғимарат қайта жаңартылуда. Аудан әкімі Қанат Ерболатов Жоламан ауылына барған жұмыс сапары кезінде балабақша жұмысын көріп шықты.

Иесіз ғимараттың жерге орналастыру жобасы бекітіліп, мемлекеттік құқықты кейіннен сатып алу құқығымен 5 жыл мерзімге балабақша ашуға өтінім білдірген Жоламан ауыл тұрғынына сенімгерлік басқаруға берілді. Қазіргі кезекте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жақын арада ашылады деп  жоспарлануда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз