Мемлекеттік қызметшіге — этикалық стандарт пен кәсіби талап

224

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жетісу облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы О.Күнбосынов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Қатысушыларға мемлекеттік сатып алу саласын мониторингтеу әдістері туралы ақпарат берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бюджет қаражатын ұтымсыз жұмсағаны және көрсетілген сомаларды бюджетке қайтарғаны үшін кінәлі адамдарды жауапқа тарту қажеттілігі туралы ұстанымы жеткізілді.

Антикор өкілі тыңдаушылардың назарын қоғамның «тұрмыстық» сыбайлас жемқорлық, бюджеттік процестер мен сатып алулардың ашықтығы, экономикаға мемлекеттік қатысудың жоғары деңгейі, әкімшілік кедергілер, дискрециялық нормалар, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсінікті түсіндірудің болмауы, соттар мен құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және т. б. сияқты ағымдағы проблемаларына аударды.

Кездесуде мемлекеттік қызметшілер үшін этикалық стандарттар мен кәсіби талаптарды дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ Агенттіктің 1424 колл-орталығының жұмысы түсіндірілді, оның негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарға тегін консультациялық қолдау көрсету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдау болып табылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз