2023 жылы облыста сумен жабдықтау желілерін салу және реконструкциялау бойынша 25 жоба іске асып, орталық сумен 2 ауыл қамтамасыз етілді. Ал 9 елді мекенде 112 км сумен жабдықтау желілері қайта жаңартылды. Биылға 22 жоба қолға алынып, нәтижесінде облыстың 2 ауыл орталық ауыз сумен қамтылып, 20 елді мекенінде ауыз судың сапасы жақсармақ.