Облыс жұртшылығын жылумен жабдықтау жүйесінде Текелі қаласының жылу электр орталығы мен 23 қазандық жұмыс жасайды. Олардың 7-уі газбен, 14-і көмірмен, 3-уі сұйық отынмен жылытады. Жылу желілерінің ұзындығы 390 км құрайды.
Биылғы жылы Үшарал қаласында қуаты 30 Гкал/сағ жаңа қазандық, Үштөбеде газбен жылынатын блокты-модульді қазандық қолданысқа берілмек. Облыс орталығында «Талдықорғанжылусервис» коммуналдық қызметінің күшімен Төлебаев, Алдабергенов көшелерінен Жансүгіров көшесіне дейінгі жалпы ұзындығы 1,1 км жылу желілері және бюджет есебінен Дарабоз ана, Абай, Қабанбай батыр, Балпық би көшелерінің 1,8 км жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде қаланың орталық бөлігі және Қаратал шағын ауданы нысандары қуаттылығы 42,5 Гкал/сағ болатын №2 орталық қазандыққа қайта қосылмақ. Сондай-ақ, Текелі қаласының «Алатау» шағын ауданында 7,7 км жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде.