1 наурыздан бастап не өзгереді?
Жастарға жаңа тұрғын үй бағдарламасы
1 наурызда "Отау" бағдарламасы іске қосылады. Сол күннен бастап 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) қазақстандықтар Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысу туралы өтініш жолдай алады.
"Отау" бағдарламасына кімдер қатыса алады?
Отбасы банк салымшылары ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы), оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады;
Үміткердің жинақ шоты ең кемі 18 айлық болуы керек;
Өтінім беру сәтінде депозиттегі жинақ сомасы 1 млн...
Қазақстан ресми түрде бірыңғай уақыт белдеуіне көшті
Қазақстан ресми түрде бірыңғай уақыт белдеуіне көшті.
Дәл 1 наурызға қараған түні сағат 0.00-де Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытауда аймақтарда сағат тілі бір сағатқа артқа жылжыды.
Осылайша, ел ресми түрде UTC+5 біртұтас уақыт белдеуіне көшті.
Өңірлік кадр резерві: кім қатыса алады?
1 наурызда Өңірлік кадр резервіне іріктеу басталады.
Іріктеуге жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан азаматтары қатыса алады.
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар өңірлік резервке іріктеуге қатыса алмайды.
Өңірлік резервке алынатын кандидаттардың санын, салалық бағыттарды өңірлік кадр комиссиялары өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік...
Федерация президенті сайланады
Жетісу облысының құрметті тұрғындары!
2024 жылғы 15 наурыз, жұма күні барлық ауылдық округтерде тұрғындар жиыны болады. Жиында ауыл тұрғындары арасынан ауылдық футбол, волейбол, баскетбол федерациясының президенті сайланады. Сайланған федерациясының Президенті ауылдық футбол, баскетбол, волейболын дамыту бойынша ауыл әкімінің кеңесшісі қызметін қоса атқарады. Жиын кезінде балаларға доп үлестіріледі.
Толық ақпаратты ауылдық округ әкімдігінен біле аласыздар.
Жетісу облысының құрметті тұрғындары!
2024 жылғы, 29 наурыз, жұма...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады
Құрметті отандастар!
Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Сондай-ақ татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтар жан-жақты дәріптеледі. Мұның бәрі ұлтты ұйыстырудың ұтымды жолы екені сөзсіз.
Халқымыздың уақыт сынынан өткен жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттері, әсіресе қиын-қыстау кездерде айқын көрінеді.
Бүгінде мемлекетімізде ауқымды өзгерістер болып, Әділетті Қазақстанды құру...
Қазақтың құрты – алғыс айтудың символы
Алғыс айту күні - тағдыр тәлкегімен елімізге еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты мекеніне айналған қазақ жері мен қонақжай халқымызға деген терең тағзымының, ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің белгісі. Бұл мереке сыйластық, мейірім мен ізгіліктің, тыныштық пен үндестіктің айшықты көрінісі. Сондай-ақ, қиын-қыстау жылдары қазақ халқының көрсеткен қамқорлығының ұмытылмайтындығының дәлелі.
Бұл күн - бейбіт заманда өмір сүріп отырған барша азаматтың бір-біріне...
Апатты үйлер алаңдатады
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабына сәйкес, жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді қамтамасыз етеді. Жүргізілген түгендеу жұмыстарына немесе тұрғындардың арызы негізінде техникалық зерттеуді талап ететін тұрғын үйлердің тізімі айқындалып, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы атестациялық ұйымды айқындайды. Аталмыш зерттеу жұмысы тұрғын үйлердің күрделі жөндеуді талап ететінін немесе...
Жетісу облысында халықты иммундау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде
2024 жылдың 3-тоқсанынан бастап 11 жасар қыздарға адам папиломавирусына қарсы екпе жүргізіледі. Айта кетерлігі, облысқа АПВ-ға қарсы вакцинаның алғашқы түсімі қыркүйек айына жоспарланды. Иммундаудың маңыздылығы туралы Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз конференциясында облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова айтып берді.
Тұрғындар арасында жоспарлы және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша иммундау белсенді түрде жалғасуда. Жоспарлы түрде: ұлттық күнтізбеге сәйкес балаларға туберкулез (БЦЖ),...
Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді: рейске кешігіп қалмау үшін не істеу қажет
29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні жолға шығатын жолаушыларға әуе компаниялары мен «Қазақстан темір жолы» АҚ таратқан ақпаратқа баса назар аударып, әуежайлар мен вокзалдарға рейс жөнелтілетін уақыттан әлдеқайда ертерек келу ұсынылады
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, Абай, Жетісу, Ұлытау, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында 1...
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу: Цифрлық даму министрлігі бірқатар нұсқаулық ұсынды
2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді.
Осы іс-шараны жүзеге асыру мақсатында келесі шаралар қабылданды:
1) IANA (Интернет мекенжай кеңістігінің әкімшілігі), ХЭБО, РСС, ICANN, IETF, IESG сынды халықаралық ұйымдарға Қазақстанның бірыңғай 5-ші уақыт белдеуіне көшуі, сондай-ақ Қазақстан үшін уақыт белдеулерінің (time zone database) жалпыға...





























