Бүгінгі күні аталмыш аймақта басталған жұмыстардың жартысынан көбі аяқталып, ішін тазалау жұмыстары қалған. Өз кезегінде қала басшысы тұрғын үйлердің сапасы, газ, сумен жабдықтау желілерінің құрылыс барысын көріп, жауаптыларға жұмыстарын әрдайым бақылауда ұстауды тапсырды. «Ағымдағы жылы мердігер компаниямен шартқа отырып, сараптамадан өтіп, коттедж қалашығын ретке келтіру жұмыстарын бастадық. Қазіргі күні жүйелі жұмыстардың арқасында аталған аймақта ауқымды жұмыс басталып, әлі де жалғасуда. Осылайша ұзақ жылдан бері қаңырап бос тұрған баспаналарды кезең-кезеңімен үй кезегінде тіркеуде тұрған азаматтарға беретін боламыз» — деді қала әкімі Ернат Бәзіл.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі