Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру керек

90

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірнеше басым бағыттарға тоқталды.  Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынғалы бес жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қоғам мен билік құрылымдары арасындағы қарым-қатынас мәдениетін өзгерте алдық деп ойлаймын.  Тұрғындардың пікір білдіруі, мәселен, қала әкімі тұрғындарды қабылдауы, кездесіп тұруы жақсы үрдіс.  Онда жеке мәселеден бастап, ортақ бірқатар мәселелер көтеріледі. Пікір білдірудің бірқатар тиімді тетігі және түрлі диалог алаңдары пайда болды. Мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен тікелей сөйлесуі қалыпты жағдайға айналды. Олар жауапкершілікті, сенімді қалыптастыруда. Ашықтықпен жұмыс жасауда.  Облыста ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Бұл да ашықтық. «Әкім бол, халқыңа жақын бол» қағидатына сәйкес қолға алынған жұмыстар деп бағалаймыз.

Дегенмен мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты арттыру керек.  Құр уәде емес,  нақты жұмыстың  қолға алынуы бәріміз үшін де қажет нәрсе.  Адал әрі әділ болуымыз, тек заң аясында әрекет етіп, берген уәдеміз бен ісіміз үшін жауап бере алғанымыз абзал. Сонда  мемлекеттік басқару ісінде тиімділік арта түседі.

                                                                                                 Ермек Келемсейіт,

                                                                «Жетісу облысының Ардагерлер ұйымы» РҚБ

                                                                                облыстық филиалының төрағасы

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз