Мың тағзым саған, майдангер!

5

«Ұлы Жеңіс туралы ұмытпау-ең алдымен, ержүрек батырларымызды жадымызда сақтау, олардың жанқиярлық еңбегі мен ерлігін, парызға адал және антқа берік болғанын ұмытпау».

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті

Кеңес Одағының құрамындағы мемлекеттер қатарында болған Қазақстан халқы да 1945 жылы ортақ Отанды қорғауда аянбай тер төгіп, ерлік үлгісін көрсетті. Ұлы Отан соғысы жылдарында
1 миллион 200 мыңнан аса қазақстандық майданға аттанса, тең жартысы жат жерді жастанып қаза тапты. 500-ден астам жауынгеріміз Кеңес Одағының Батыры атанды.

Жетісу жерінен майданға 120 мыңнан астам жауынгер аттанып, олардың әрқайсысы қайсарлық пен батырлықтың үлгісін көрсетті. 38 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Облысымыздың майдангері, Ұлы Отан соғысының ардагері Ысқақ Құсайынов сол сұрапыл соғысты басынан өткеріп, Жеңістің 81 жылдығына жетіп отырған жалғыз куәгер. Ол – 1924 жылдың 14 қаңтарында Алакөл ауданында дүниеге келген. Әкешешеден ерте айырылған Ысқақ 16 баладан тірі қалған жалғыз тұяқ еді.Мектеп жасында алғырлығымен көзге түсіп, ауылдық кеңестің есеп-қисабына көмектесіп жүрген балаң жігіт 1942 жылы кәмелеттік жасқа толысымен өз еркімен майданға сұранады. Алдымен Украина майданында, кейіннен Тынық мұхиты флотында қайсарлығымен, мергендігімен көзге түседі. 1943 жылы жау самолетін атып түсірген ерлігі газетке жарияланып, қаншама қыз-жігітке үлгі болды. Сол жылы «Әскери теңіз флотының үздігі» атағы беріледі. Алайда, 1944 жылы жау оғынан ауыр жарақат алып, майдандастарынан қалыс қалуға тура келеді. Елге 1947 жылы ғана оралудың сәті түседі. Туған жерге оралған Ысқақ Әбілпейісұлы педучилищеден білім алып, ұстаздық жолды таңдайды. «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағы білімі мен іскерлігіне берілген үлкен баға. Төсінде Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі ордені, «Еңбек Ері» медалі, «Тынық мұхиты флотының ардагері», Кеңес Одағының маршалы Жуков медалі, «Ерен Еңбегі үшін» төсбелгісі жарқырайды. Жұбайы Бақыш екеуі Гүлсімжан, Күлпаш атты қыздарын өсіріп, ұрпақтарын өрбітіп отыр. Жастайынан еңбекті сүйіп өскен ақсақал бүгінде 102-ге толды. Мереке қарсаңында ақсақалды құттықтап келушілер қатары молая түсуде. Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай, Талдықорғанда ҰОС және тыл ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек бірілді. Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы №11-68 «Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы шешіміне сәйкес – Ұлы Отан соғысының ардагері Ысқақ Құсайыновқа – 5 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді.
– 418 тыл ардагерінің әрқайсысына 112,4 мың теңгеден, жалпы сомасы 46,9 млн теңге;
– қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің 16 жесіріне – 112,4 мың теңгеден, жалпы сомасы 1,8 млн теңге көлемінде біржолғы төлем берілді.
«Жадыңды ақтар, біле түс, еріңді, ерлігіңді, өрлігіңді аршы, өреңе жиып, ұрпағыңа үлгі ет!»,-деген бабалар сөзі тәуелсіз елдің баласына қалдырған өсиеті іспетті. Қазақ-қазақ болғалы ұшса, құс қанаты талатын, шапса, тұлпардың тұяғы тозатын ұланғайыр даласын басын бәйгеге тіге жүріп қорғап, аманаттап кетті. Аманатқа қиянат жасамаупарыз. Тарих безбенінде қалған оқиғалардың барлығы да ұрпақтың адалдығын танытып келеді. Ұлы Жеңіс те тарихымыздың ажырамас парасы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз