Имандылық — ұлы қасиет

519
Дереккөз

Имандылық — адам баласының бойындағы ең ұлы қасиет. Ол ішкі рухани әлемнің саф ауадай кіршіксіз бөлігі.

Заман өзгермесе де адамның көңілі өзгерген бүгінгі таңда иманды сақтап қалу үлкен күшті талап етері анық. Себебі, жылтыраған мен жарқырағанның барлығы жақсы екен деп жүріп жас та, кәрі де имани көңілін кірлетіп алуда.  Имандылық, инабаттылық, ізгілік, тазалық айта берсе таусылмайтын асыл қасиеттерді бұғанасы қатпаған сәби кезде, жалындаған жастық шақта, тіпті, орда бұзып ошақ құрған кезеңнің өзінде бойымызға дарытқанымыз жөн. Иман жүрекке қонып орын табатындықтан, оны тілмен дұрыс жеткізу ең маңызды процесс.Ұрпағымыз өнегелі, салиқалы болуы үшін де жастармен өткен әр уақытта иман атты кірпішті барынша түзу етіп қалап, әрі мықты етіп бекітуіміз қажет. Қазіргі таңда мұндай тәрбиелік шараларды  көптеп кездестіруге болады. Осындай тәрбиелік жиын Талдықорған гуманитарлық-техникалық  колледжінің шаңырағында өтті.  «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, ақын Жұматай Оспанұлы және Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы колледждің ұлағатты ұстаздарымен кездесті. Аталмыш кездесуде имандылық, отбасы құндылығы  және жас толқынның  болашағы туралы келелі әңгіме өрбіді. Ардақ Нүсіпханұлы « Ұстаз — ол әлемді түзеуші адам. Өйткені осы ұстаздың алдынан өткен шәкірт ертеңгі күні ел басқаратын, сол елдің, тілінің жанашыры болтын болашақ тұлға. Ал ұстаз көрмеген адам жетім адамдай болмақ. Баланы ата-анасы үйінде тәрбиелесе, білім ордада ұстаз тәрбиелемек. Ұстазадарымыз ұлағатты тұлға болғандықтан балаға имандылық, инабаттылық тақырыбында да сөз қозғап, тәрбие берген жөн»— деп   ой бөлісті. Жиынның негізгі мақсаты  ұстаз бен баланың қарым-қатынасы, ұстаздың шәкірт алдындағы қадір-қасиеті, оның берер тәлім-тәрбиесі жөнінде кеңінен талқылау. Сондай-ақ, жас ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, ұлтжанды, адамгершілігі мол азамат болып жетілуін қамтамасыз ету.

Салтанат ИРҒАИПОВА.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK