Ел мүддесі жолындағы тарихи кезең

92

Халық пен билік арасындағы алтын көпір саналатын Қазақстан Республикасы мәслихаттарына биыл 30 жыл толып отыр. Айтулы мерекеге орай Талдықорған қалалық мәслихатының ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті.

Талдықорған қалалық мәслихаты халық игілігіне еңбек етіп, жергілікті өкілетті органға айналды. Құрметті халық қалаулылары! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында халықты қолдау және оның мүдделерін қорғау біздің басты міндетіміз,- деп  атап өткен болатын. Осы мақсатта сіздер 30 жыл ішінде халықтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған көптеген бастамалар көтеріп, тұрғындардың  сауалдары мен мәселелерін әкімдікпен бірлесіп шешуге атсалыстыңыздар. Біздің мақсатымыз бір-ол халыққа аянбай қызмет ету. Әлі  де сіздер мен біздер болып жүзеге асыратын ірі  жобаларымыз көп. Халқымызды дамытып, әл-ауқатын жақсарту жолында бірлесе жұмыс атқара береміз деген сенімдеміз,-деген қала әкімі Ернат Бәзіл, депутаттарды ҚР мәслихаттарының 30 жылдығымен құттықтап, зор денсаулық, істеріне табыс тілеп, алғысын білдірді. Шара барысында бірқатар халық қалаулыларына республикалық, облыстық деңгейдегі марапаттар тапсырылды. Талдықорған қаласында ел сенімін ақтап,адал қызметімен танылған әр кезеңдегі депутаттардың игі істері  туралы айтқан Талдықорған қалалық мәслихатының  төрағасы Темірболат Ахажан халық қалаулыларына еліміздің даму жолында қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, барлық шақырылым депутаттарына, қоғам ісіне белсене қатысып жүрген сала өкілдеріне естелік медальдар табыстады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз