СӘРЕСІН ІШУГЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР
Сұрақ: Сәресі ішу міндет пе?
Жауап: Сәресі ішу – оразаға ниет еткен адамның таң атар алдында тамақтануды немесе ең болмағанда су ішуді білдіреді. Үкімі – мұстахап (істесе сауап, ал орындамаса күнә саналмайтын іс) амал. Бұған ешкімнің дауы жоқ. Әнәс бин Мәлик (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:
تَسَحَّرُوا فَإِنَّ فِي السَّحُورِ بَرَكَةً
«Сәресіге тұрыңдар,...
20 наурызда еліміздің барлық мектебінде бір мезетте күй ойнайды
Еліміздің барлық білім беру ұйымдарында ұлттық күй бір мезетте ойнайды. Наурыз мейрамына арналған республикалық челлендж 20 наурыз күні сағат 12:00-де өтеді.
Оқу-ағарту министрлігіндегілер бұл шара өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімдерді қалыптастыруға, елдің мәдени мұрасын жалғастыруға, балалар арасында домбырада ойнауды насихаттауға бағытталып отырғанын мәлімдеді.
-Домбырашылар челленджінің мақсаты - балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкадағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және...
Наурыз ерекше форматта өтеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «...Еліміздегі тұрақтылық пен береке-бірлік үшін барлығымыз бірдей жауаптымыз. Осы орайда, халқымызды біріктіретін ортақ құндылықтарды барынша дәріптеп, ой-санаға берік орнықтыруымыз керек. Мысалы, Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байыта түскен жөн. Бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтар неғұрлым көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бекем болады», – деп мерекенің жаңа сипаты мен мазмұнын айрықша атап өткен еді....
Амал мерекесі: Кім кімге көрісу керек
Елімізде Ұлыс мерекесін жаңа форматта тойлау үшін 14-23 наурыз күндері Наурызнама онкүндігі деп жарияланды. Осы Наурызнаманың алғашқы күні батыс өңірлерде сақталып қалған, жылдан-жылға аясы кеңейіп келе жатқан Амал күніне дөп келді.
Сонымен Амал күнінде кім кімге көрісу керек?
«Жасы кіші жасы үлкенге барып көріседі. Келін өзінен үлкен абысынға, енесіне барып көріседі. Жиен нағашысына барып көріседі. Қыз алған құда өзінен жасы кіші...
Наурыз мерекесінің бірыңғай логотипі бекітілді
Наурыз мерекесінің қоғамды біріктіруші рөлін арттыру мақсатында оның бірыңғай логотипі белгіленді.
"Логотип бекітіліп, еліміздің барлық өңіріне жолданды. Логотиптің негізгі символы - қызғалдақ. Жалпы қазақ халқы үшін қызғалдақ Наурыз мерекесінің жарқын белгісі. Бабаларымыз ежелден-ақ қызғалдақты аялаған. Оны жұмақтың гүлі деп есептеген. Сондықтан да ол бас символ ретінде таңдалды", - деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мәдениет және ақпарат...
Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады.
"Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін!" – деп жазды президент өзінің парақшасында.
Жетісуда кітап сыйлау тамаша дәстүрге айналды
«Жетісу-кітап керуені» жобасы аясында Кербұлақ аудандық кітапханасына «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен Жетісу облысы әкімінің қолдауымен және басқа баспалардан жарық көрген кітаптардың 100 данасы сыйға тартылды.
Іс-шараға Кербұлақ ауданының ақын-жазушылары, ардагер әжелер, зиялы қауым өкілдері қатысып, ақын Амандос Елтайұлы мен Мергүл Асылханованың «Амандос және мен» атты кітабының тұсауы кесілді. Амандос Елтайұлы өз өлеңдерінен үзінді оқып, жиналған қауымға...
Наурыз мейрамына орай барлық білім беру ұйымдарында ұлттық күй бір мезетте күмбірлейді
Наурыз мейрамына арналған республикалық челлендж 20 наурыз күні сағат 12:00-де өтеді, деп хабарлаймыз Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Шара өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімдерді қалыптастыруға, елдің мәдени мұрасын жалғастыруға, балалар арасында домбырада ойнауды насихаттауға бағытталған.
Домбырашылар челленджінің мақсаты - балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкадағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны дәріптеу. Шараға барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Бұл...
ҮЕҰ жетекшілерінің назарына
ҚР «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңның 41-бабы 5-тармағына сәйкес 2024 жылғы 31 наурызға дейін өткен 2023 жыл бойынша мәліметтерді(қолжетімді нысандарды пайдалана отырып) ҮЕҰ Дерекқорына (веб-сайт - www.infonpo.gov.kz) тапсыру керектігін естеріңізге саламыз.
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбау, уақтылы ұсынбау және анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Федерация президенті сайланады
Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары!
2024 жылдың 15 наурызы, жұма күні Жетісу облысының барлық елді мекендерінде жергілікті тұрғындар арасынан ауылдық футбол, волейбол және баскетбол федерацияларының президенттерін сайлау үшін ауыл тұрғындарының (ерсектер мен балалар) жиындары өтеді. Ауылдық федерациялардың сайланған президенттері сонымен бірге жоғарыда көрсетілген спорт түрлері бойынша ауылдық округ әкімінің кеңесшісі болып саналады. Жиындар кезінде ауылдық округтердегі балаларға доптар таратылады. Өздеріңізді толғандырған...





























