Қоршаған орта және адам денсаулығы

14

  Қазіргі кезде жер шарының көптеген аймақтарында табиғатты бүлдіріп, адамның өмір сүруіне қауіп төндіретін зиянды әрекеттер көбейді. Жер бетінде тұтас экологиялық апат аймақтары пайда болды.Өндірісті ірі қалаларда, техногендік елді қоныстарда қоршаған орта қатты ластануда.  Ал адам қоршаған ортадан тыс өмір сүре алмайды. Кез келген басқа тіршілік иелері сияқты қоршаған ортамен тұрақты өзара қарым-қатынаста болады. Біздің елімізде де қоршаған ортаның ластану салдарынан жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі ісік, өкпе-тыныс жолдары  сырқаттары көбейіп отыр. Ас қорыту жүйесінің және әртүрлі аллергиялық аурулардың  көрсеткіштік деңгейінің өсуі де осының бір дәлелі. Экономиканы экологизациялау процесі ғана бұдан құтқарады. Осы бағытта елімізде үлкен жұмыстар жүріп жатқанын да ешкім жоққа шығара алмайды. Осы ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламаның  негізгі бағыттары да адамдардың денсаулығы мен тұрмысын жақсартуды көздейді.

Сондықтан, өзіміз өмір сүріп отырған ортаны қорғау — тек тиісті мекемелердің немесе құзырлы орындардың ғана емес,  баршамыздың міндетіміз.

                       З. Копбаева,

Талдықорған қалалық санитариялық-гигиеналық

бақылау және қадағалау техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің

                                                          жетекші маманы

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз