Талдықорған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметіндегі басым бағыттардың бірі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің талаптары мен тәртібі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес айқындалады.
«Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Н.Рашидова,
Талдықорған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының
қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы