Қайсар рухты қарақұмдық шекарашылар

15

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы «Қарақұм» шекара бөлімшесінің тарихы талай шекара бұзушының жолына тосқауыл бола білген оқиғаларға толы. Шекара шебіне қол сұғылмауын берік күзететін Қарқұмдық әскери ұжымға ең жақын елді мекен алпыс шақырымға жуық маңда орналасқан. Аты айтып тұрғандай айналасын қатты жел тұрса, көше жөнелетін құм басқан. Ұшқан майда құмдары бет қаратпайтын дауылды даласы қыста жүзді күйдірген аязымен де ерекше. Төрт маусымда кездексетін өзіндік «мінезіне» қарамай мұз жастанып, қар жамылған шекарашылардың қызметі қырағы. Шекара шебінің қозғалған әр ноқатына зер салатын шекара сақшыларының қамал бұзар қайраттарына күш беретін тылсым -туған жерге деген адалдықтары екені сөзсіз.

«Қарақұм» шекара бөлімшесінің бастығы капитан Нариман Хайруллаев:

— Шекара бөлімшеміздің негізі өткен ғасырдың екінші жартысында қаланған. Содан бері еліміздің қауіпсіздігін сақтауға белсенді атсалысып келеді. Шекара бөлімшесіне басшылық жасаған офицерлердің қатарында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры қызметін дейін көтерілген полковник Тұрғанбек Стамбеков сияқты мақтан тұтатын тұлғалар да бар.

Есімі ел есінде мәңгі қалған сардардың тізгінін ұстаған бөлімшенің жауынгерлік қызметті жоғары деңгейде ұйымдастыруы — заңдылық. Жеке құрамым кәсіби және жауынгерлік дайындықта қарабайыр емес. Жақсы көрсеткіш көрсетуде. Келешек те де осы деңгейден түспейтінімізге кәміл сенемін. Әскери ұжымның «өте жақсы» деген ие болып жатса, ол тек қана менің жұмысымның нәтижесі емес. Ол — офицерден бастап, соңғы қатардағы жауынгерге дейінгі аралықтағы әскери қызметшілердің маңдай терінің арқасы. Сондықтан да мен қызметтің үлгісін көрсетіп жүрген қайсар рухты шекара сақшыларыммен мақтанамын! — дейді.

Біз де қарақұмдық шекарашыларға толағай табыс тілейміз!

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз