Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек

40

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласына тоқталып, МӘМС жүйесінің тиімділігі, сонымен қатар, медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасау қажеттігін атап өткен болатын.

Осыдан бірнеше жыл  бұрын  қымбат диагностика азаматтардың жекелеген санаттарына ғана тегін көрсетілді және оны ұсынатын медициналық ұйымдар қатары санаулы болды. Ал, қазіргі таңда Президенттің өткен жылдардағы  тапсырмасына сәйкес жеке меншік клиникалар заманауи жабдықтарға, сервистік бөлікке инвестициялар сала отырып, медициналық қызметтер тізбесін белсенді түрде кеңейтуде. Бұл орайда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар әкеліп, жеке меншік медицинаға зор пайдасын тигізгенін атап өткен жөн. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі жаhандық тәжірибеде  дәлелденген.  Бүгінде аталмыш жүйемен әлемнің  бірқатар дамыған мемлекеті жұмыс жасап келеді. МӘМС жүйесі медициналық қызметтердің кең тізбегін алуға барынша қолайлы жағдайлар жасауда. Нәтижесінде медициналық көмекті тікелей ұйымдастыру, клиникалар ішіндегі табысты менеджмент, пациенттерді дұрыс бағыттау сынды сұрақтар алдыңғы қатарға көтерілді.

Иманғалиев Ерлан Тұрсынбекұлы — «Талдықорған қаласының қазақ күресі федерациясы» ҚБ төрағасы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз