Бүгін қазақтың қайталанбас дара тұлғасы, классик ақыны, өмірден аққан жұлдыздай ерте озған ЖҰМАТАЙ ЖАҚЫПБАЕВТЫҢ туғанына 80 жыл толып отыр. Назарларыңызға ақынның бір топ өлеңдерін ұсынамыз.
МАМЫРЫМ МЕНІҢ...
Бозамық көкке бозторғай құсты ілдірген,
Мал өріс қырға масаты тыстап үлгірген,
Мамырым менің, жер бетін түгел көгерткен,
Үйренем сенің үлгіңнен!
Тыңдарға әні, түрі бар таңдай қағарға,
Аспаннан түсіп Алакөлдегі аралға,
Аққуларыңның алды-арты келіп болды ма,
Ат-көліктері аман ба?
Көделі жазық, жусаны қалың...
Рәмізді қастерлеу – елді құрметтеу
Қазақ елінің тәуелсіздігі мен дербестігін, егемендігін бүкіл әлемге паш ететін рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні. Мемлекетіміздің мызғымас негіздерінің бірі саналатын бұл құнды белгілерімізбен халқымыздың сан ғасырлық арман-тілегі, мұқалмас рухы мен қаһармандығы астасып жатыр.
Әрбір азамат өз елінің патриоты бола отырып, мемлекеттік рәміздерді білуге және құрметтеуге міндетті. Мемлекеттік атрибуттардың мазмұнын терең білу және түсіну – елдіктің маңызды элементтеріне деген қызығушылықты,...
Алакөлдік шекарашылардың қос жетістігі
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы қоян-қолтық ұрыстан Жетісу облысының чемпионатына арналған сайыста жақсы нәтиже көрсетті.
Спортты жанына серік еткен әскери қызметшілер арасында өткен қарымтаның нәтижесінде Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының намысын қорғаған бірнеше әскери қызметші бірінші үштіктен көрінді.
Атап айтсақ, 62 келі салмақта катардағы жауынгер Б.Сықақов II орынды, 88 келі салмақта кіші сержант...
Қадыр мұрасын ұлықтаған кеш
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл
толуына орай ұйымдастырылған «Зерделі жырдың зергері» атты әдеби-музыкалық кешке қатысты.
Шараға елімізге танымал ақын-жазушылар қатысып, Қадыр Мырза Әлі поэзиясының маңыздылығын атап өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Ақұштап...
Тұтынушылар құқығы қорғалуда
Тұтынушы құқығын қорғау, оларға заң тұрғысынан көмек жасау өз деңгейінде. Өңірлік коммуникациялар орталығында ҚР СИМ Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Дауешев Айдос Нұрланұлы 2024 жылдың қорытындысы мен әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша баяндады.
Айтуынша, 2023 жылы департаментке 544 өтініш түссе, ал 2024 жылы 1242-ге дейін өскен. Өтініш түрі әртүрлі, көбіне бөлшек саудаға байланысты, тауар әкеп беруге...





























