Алакөлдік шекарашылардың қос жетістігі

50

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы қоян-қолтық ұрыстан Жетісу облысының чемпионатына арналған сайыста жақсы нәтиже көрсетті.


Спортты жанына серік еткен әскери қызметшілер арасында өткен қарымтаның нәтижесінде Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының намысын қорғаған бірнеше әскери қызметші бірінші үштіктен көрінді.
Атап айтсақ, 62 келі салмақта катардағы жауынгер Б.Сықақов II орынды, 88 келі салмақта кіші сержант Е.Тұңғатаров III орынды иеленсе, 97 келі салмақта сержант Е.Борашев чемпионг атанды.
Ал +97 келі салмақта қатардағы жауынгер А.Алпысбайұлы I орынды, 73 келі салмақта қатардағы жауынгер A.Иманғали II орынды қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, Талдықорған гарнизоны бойынша әскери бөлімдер арасында өткен шаңғы тебу жарысында Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының әскери қызметшілері II орын алды.
Шекара басқармасының шаңғышылар командасының құрамы: капитан М.Жақтаев, аға сержант А.Фомченко, ефрейтор Ф.Атчабарова және қатардағы жауынгер Е.Әбдиев. Аталған спортшылардың әрқайсысы командалық жарыстың жақсы жетістікпен аяқтауға өз үлестерін қосты.
Екі жарыстағы жоғары көрсеткіш — алакөлдік шекара сақшыларының тек шекара күзетуде ғана емес, сонымен қатар спорттық дайындықтарының да жақсы екенін дәлелдеді.

                              ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз