Қадыр мұрасын ұлықтаған кеш

46

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы Қазақстанның халық жазушысы,  ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл
толуына орай ұйымдастырылған «Зерделі жырдың зергері» атты әдеби-музыкалық кешке қатысты.


Шараға елімізге танымал ақын-жазушылар қатысып, Қадыр Мырза Әлі поэзиясының маңыздылығын атап өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева және Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақып өз естеліктерімен бөлісіп, қазақ әдебиетіндегі ақынның мұрасының өшпес құндылық екенін тілге тиек етті.
Шара барысында Қадыр Мырза Әлидің жүрек тербер жырлары оқылып, оның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Ақынның шығармашылығының кеңдігі мен тереңдігі, әр олеңінің ұлттық рух пен тағылымға толы екендігі тағы бір мәрте айқындалды. Әдеби кештің көркін қыздырған әндер қатарында «Тамды ару», «Жар», «Қазақ осы» сынды
халықтың жүрегінен орын алған туындылар орындалды. Сонымен қатар, жиналған қауым ақын шығармашылығына арналған  кітап көрмесін тамашалады.

                                      ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз