Тұтынушылар құқығы  қорғалуда

27

 Тұтынушы құқығын қорғау, оларға заң тұрғысынан көмек жасау өз деңгейінде. Өңірлік коммуникациялар орталығында ҚР СИМ Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Дауешев Айдос Нұрланұлы 2024 жылдың қорытындысы мен әлеуметтік зерттеу нәтижелері  бойынша баяндады.

Айтуынша, 2023 жылы департаментке 544 өтініш түссе, ал 2024 жылы 1242-ге дейін өскен. Өтініш түрі әртүрлі, көбіне  бөлшек саудаға байланысты, тауар әкеп беруге уәде беріп, тақырға отырғызып кету фактісі де кездесіп отыр.  Түрлі курс сатушылар да өтірікті суша сапырып, «аңқау елге арамза молданың» ісін жасауда.  Істер сотқа жіберіліп, соның нәтижесінде  67 млн теңге қаржы қайтарылған.

 Спикер тұтынушы құқықтары мәселесі бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеу жүргізілген.  Бұл зерттеу жұмысын  тапсырыс бойынша «Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы» ҚБ дайындапты.  Оған  аймақтар бойынша 10944 респондент, ал Жетісу аймағынан 524 адам  қатысып, өз ойларын білдірген.

Мәселен,  Жетісу облысында «Сіз қызмет көрсету саласы: қалааралық/  халықаралық, автомобиль көлігі, оның ішінде такси қызметі сапасына қанағаттанасыз ба» деген сауалға  қатысушылардың 82% қанағаттанбаймыз деп жауап берген.  Ал « Сіз электр энергиясын жеткізуші компания қызметі сапасына қалай қарайсыз» деген сауалға  жауап берушілердің 70%  көңілдері толмайтындығын жеткізген. Сондай-ақ, Жетісу мен Солтүстік Қазақстан облысынан сауалнамаға жауап берушілер тұтынушылық құқықтарына қызығушылық танытқандарын айтқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз