Ұлттық жоба аясында 27 зауыт салынады
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасына қай өндірістің өнімдері пайдаланылатынын айтты.
Вице-премьердің сөзінше, Энергетика және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба екі негізгі блоктан тұрады. Біріншісі — алдағы бес жыл ішінде 7 300 мегаватқа жуық қамтамасыз етіп, генерациялау. Оған 6 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалуда. Біз осы уақытқа дейін 6,4 трлн теңгені таргеттеп жатырмыз.
Жобаның екінші бөлігі — коммуналдық желілерді жаңғырту....
Талдықорған қаласы жалпы транзиттік торапта орналасқан
Бәрімізге мәлім, Талдықорған қаласы жалпы транзиттік торапта орналасқан. Талдықорған қаласы арқылы әртүрлі туристік жерлерге туристер барады.
Сондай-ақ, мысалы, Алакөлге, Балқашқа, Панфилов ауданындағы біраз туристік нысандарға «Қапал-Арасан» шипажайы, Тамшыбұлақ сияқты әр түрлі жерлерге баруға болады.
Осы туристердің жайлы орналасуы үшін біздің Талдықорғанда 31 Қонақ үй мен Хостелдер бар. Ол жерде 631 орын белгіленген. Өткен жылы, осы қызмет түрінен Талдықорған қаласының бюджетіне 714...
Балалардың игілігі – мемлекеттің басым міндеті: Қазақстан халқының үштен бірін балалар құрайды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде балалардың құқығын қорғау бойынша ауқымды заңнамалық және стратегиялық шаралар жүзеге асырылады. Ел тұрғындарының үштен бір бөлігін балалар құрайды. Атап айтқанда, Қазақстанда 6,8 млн. бала бар.
«Елдегі әрбір баланың бақытты және қауіпсіз балалық шағы болуы тиіс», - Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті
Қабылданған үш заңдағы маңызды бастама – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмірге бейімделуі үшін тәлімгерлер институтының құрылуы....
Талдықорғандағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орталықта жаңа бөлімше ашылды
Жетісу облысында 1,5 жас пен 18 жас аралығындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға мамандандырылған әлеуметтік қызмет көрсететін күндізгі емдеу орталығының мүмкіндігі ұлғайды. Талдықорған қаласында орналасқан орталықта ашылған жаңа бөлімнің арқасында оның сыйымдылығы 110 жатын орынға өсті.
Аумағы шамамен 470 шаршы метрді құрайтын жаңа ғимарат заманауи стандарттар мен талаптарға толық сәйкеседі. Онда ем алатын балалар жасына және денсаулық жағдайына қарай екі топқа...
Талдықорғанда 2027 жылға дейін 100 шақырымнан астам жол ретке келтіріледі
Бұл жөнінде қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мәлім етті. Сала мамандарының сөзінше биылғы жылы қала бойынша 70 шақырымнан аса жол ретке келтірілмек.
Атап айтқанда, «Құлагер», «Бірлік» шағын ауданына, «Жастар 1» және «Солтүстік-Батыс» тұрғын үй алабына 53,9 км болатын жаңа жол құрылысы жүргізілмек. Осылайша жаңа бой түзеп жатқан аудандарда 107 жаңа көше салынады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 21,5 шақырым жол...
Қала әкімі қаламызда салынатын жаңа аудандардың жобасын пысықтады
Қала әкімі Ернат Бәзіл әсем қаламызда бой көтергелі жатқан жаңа шағын аудандардың жобалардың дайындық барысын көру үшін жауапты мердігер ұйымның өкілін қабылдады.
Онда жобаны жасаған «Бақытжан» компаниясы қала әкіміне ірге тасы қаланғалы жатқан Қаратал өзенінің оң жағалауымен қатар, 11,12,13 шағын аудандарында заманауи үлгіде салынатын нысандар бойынша сызбаларымен таныстырып жоба жайында толығырақ баян етті.
Аталмыш аудан 210 гектар болатын аумақта бой түземек....
ХАБАРЛАМА
Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерін
сайлау бойынша конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАМА
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V ҚРЗ Заңының 9-бабының 7-тармағына сәйкес Талдықорған қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөнінде конкурс өткізу туралы хабарлайды.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті...
Елімізде букмекерлік кеңселердің жарнамасы бар 1,6 мыңнан астам билборд алынып тасталды
Елімізде букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға қатаң шектеулер енгізілді. Заңнама талаптарының орындалу барысы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте қаралды.
Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету үшін ведомство облыстық және қалалық әкімдіктермен, сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп сыртқы жарнама мен отандық БАҚ-қа тұрақты мониторинг жүргізетінін атап өтті. Осы жұмыстың нәтижесінде 1,6 мыңнан астам...
Жетісу облысында әлеуметтік сауда орындарының саны ұлғайтылды
Жетісу облысында әлеуметтік сауда орындарының саны 12-ге жеткізілмек. Атап айтқанда, Талдықорған қаласында 7 стационарлық әлеуметтік нүкте, оның ішінде 5-уі әлеуметтік дүкен болса, қазір тұрғындарға ыңғайлы болу үшін тағы 5 көше сауда нысаны қосылып жатыр. Жетісу өңірінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырудың екі тетігі бойынша 18 мың тоннадан астам өнім қоры бар. Оның 1485 тоннасы картоп. «Жетісу» ӘКК...





























