ХАБАРЛАМА

51

Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерін
сайлау бойынша конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАМА

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V ҚРЗ Заңының 9-бабының 7-тармағына сәйкес Талдықорған қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөнінде конкурс өткізу туралы хабарлайды.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Талдықорған қаласы Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы – 18 мүше, оның ішінде мемлекеттік органнан – 6 мүше, коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан  –  12 мүше.

Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде (27.01.2025 — 07.02.2025) конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері қолма-қол немесе электрондық мекенжайға (tald.gor.maslihat@mail.ru) келесі құжаттарды ұсынады:

1) кандидатураны жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

Конкурсты өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды (27.01.2025 — 07.02.2025).

«Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығына сәйкес, жұмыс тобы құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде отырыста Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардан келіп түскен құжаттарды талқылайды, әрбір кандидатпен әңгімелесуді және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді өткізеді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдіретін азаматтарға:
Индексі 040000, Жетісу Облысы,
Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256
1 қабат, 117 кабинет
Байланыс телефондары: 8 (7282)24-01-84
Электрондық пошта: tald.gor.maslihat@mail.ru
Қабылдау уақыты: 9:00-ден 18:30-ға дейін,
Үзіліс: 13:00 — 14:30.

Талдықорған қалалық мәслихатының аппараты

Талдықорған қалалық
мәслихатына

 Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатураны
ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымнан
ҰСЫНЫС

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес,
________________________________________________________________________
                                        (коммерциялық емес ұйым атауы)

Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына __________________ұсынады.                                                                                       (кандидаттың Т.А.Ж)
Коммерциялық емес ұйым басшысының Т.А.Ж. ________________________________

2025 жылғы «___»_____________                                   М.О. 

Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесі құрамына кандидаттың өмірбаян деректері көрсетілген кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер
Тегі____________________________________________________________________
Аты____________________________________________________________________
Әкесінің аты ____________________________________________________________
Туған күні ______________________________________________________________
Туған жері______________________________________________________________
Ұлты*__________________________________________________________________
Білімі, мамандығы________________________________________________________
Партиядағы мүшелігі*_____________________________________________________
Жұмыс орны_____________________________________________________________
Лауазымы_______________________________________________________________
Тұрғылықты мекен-жайы__________________________________________________
Тіркелген мекен-жайы____________________________________________________
Атқаратын қоғамдық қызметі ______________________________________________
Жеке куәлік мәліметтері __________________________________________________
Телефон нөмірі
_____________  _________________________  _______________________
(қызметтік)                         (ұялы)                                          (үй)

* Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ұлты және партиядағы мүшелігі кандидаттың қалауынша көрсетіледі

 Талдықорған қалалық 
мәслихатына 

Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына өзін-өзі ұсыну туралы
ӨТІНІШ

Мен,___________________________________________________________________
                                        (кандидаттың Т.А.Ж)
өз кандидатурамды Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына ұсынамын.

2025 жылғы «___»_____________                       Қолы ______________

Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесі құрамына кандидаттың өмірбаян деректері көрсетілген кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер
Тегі_________________________________________________________________
Аты_________________________________________________________________
Әкесінің аты_________________________________________________________
Туған күні___________________________________________________________
Туған жері___________________________________________________________
Ұлты*_______________________________________________________________
Білімі, мамандығы_____________________________________________________
Партиядағы мүшелігі*__________________________________________________
Жұмыс орны_________________________________________________________
Лауазымы___________________________________________________________
Тұрғылықты мекен-жайы______________________________________________
Тіркелген мекен-жайы________________________________________________
Атқаратын қоғамдық қызметі __________________________________________
Жеке куәлік мәліметтері ______________________________________________
Телефон нөмірі
_____________  _________________________  _______________________
(қызметтік)                         (ұялы)                                          (үй)

* Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ұлты және партиядағы мүшелігі кандидаттың қалауынша көрсетіледі 

Талдықорған қалалық 
мәслихатына

Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатура
ұсыну туралы азаматтан
ҰСЫНЫС

Мен,___________________________________________________________________
                             (ұсыныс енгізіп отырған азаматтың Т.А.Ж)
___________________________________________________________________
(ұсынылып отырған кандидаттың Т.А.Ж.)
кандидатурасын Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына ұсынамын.

2025 жылғы «___»_____________                                Қолы ______________

Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесі құрамына кандидаттың өмірбаян деректері көрсетілген кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер
Тегі __________________________________________________________________
Аты___________________________________________________________________
Әкесінің аты____________________________________________________________
Туған күні______________________________________________________________
Туған жері_____________________________________________________________
Ұлты*________________________________________________________________
Білімі, мамандығы_______________________________________________________
Партиядағы мүшелігі*___________________________________________________
Жұмыс орны___________________________________________________________
Лауазымы_____________________________________________________________
Тұрғылықты мекен-жайы________________________________________________
Тіркелген мекен-жайы__________________________________________________
Атқаратын қоғамдық қызметі ____________________________________________
Жеке куәлік мәліметтері ________________________________________________
Телефон нөмірі
_____________  _________________________  _______________________
(қызметтік)                         (ұялы)                                          (үй)

* Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ұлты және партиядағы мүшелігі кандидаттың қалауынша көрсетіледі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз