Талдықорғанда 2027 жылға дейін 100 шақырымнан астам жол ретке келтіріледі

5
Бұл жөнінде қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мәлім етті. Сала мамандарының сөзінше биылғы жылы қала бойынша 70 шақырымнан аса жол ретке келтірілмек.
Атап айтқанда, «Құлагер», «Бірлік» шағын ауданына, «Жастар 1» және «Солтүстік-Батыс» тұрғын үй алабына 53,9 км болатын жаңа жол құрылысы жүргізілмек. Осылайша жаңа бой түзеп жатқан аудандарда 107 жаңа көше салынады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 21,5 шақырым жол күрделі жөндеуден өтпек. Бұған қоса, жол жамылғысын ауыстыруды қамтитын орташа жөндеу 27,9 км ұзындықтағы 28 көшеде жоспарланған болса, ал 17450 м2 жол ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Естеріңізге салсақ, қаланың ішкі көше жолдарын жөндеу жұмыстары сәуір айында басталатын болатын. Бұл жұмыстар ағымдағы жылдың тамыз айына дейін жалғасады.
Сондай-ақ, көлік ағымы көп аумаққа тағы 4 жаңа бағдаршамдар орнатылады. Атап айтқанда, Н.Назарбаев даңғылына дейінгі айналым (кольцо) жол яғни Балпық би – Сланов көшелерінің қиылысына және Алматы-Өскемен айналма жолы Желтоқсан – Ракишев көшелерінің қиылыстары «Мечта» сауда үйі.
«Биылғы жылы жол жөндеу жұмыстарын өткен жылмен салыстырғанда ертерек бастауды жоспарлап отырмыз. Қала тұрғындарының өтініштерін де назарға алып, көшелердегі жол төсемін қалпына келтіру, шұңқырларды жөндеудейміз. Сондай-ақ, биылғы жылы, өткен жылмен салыстырғанда жаңа жол салу, күрделі жөндеу және ағымды жөндеу жұмыстарының көлемі екі есе арттырдық. Жол бойынша қолға алып жатқан жобаларымызды 2027 жылы толық аяқтамақпыз», — дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерлан Ниетбаев.
Айта кеткен жөн, биылғы жылы барлық смарт аялдамалар қалпына келтіріліп қолданысқа берілмек.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз